ТАШКЕНТКЕ БАРЫП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

ТАШКЕНТКЕ БАРЫП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Дулати университеті «Қос дипломды» бағдарлама шеңберінде Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен бірлесіп, еңбек нарығында үлкен сұраныс туғызып отырған химик-технолог мамандарды даярлау мәселесін шешудің ең маңызды кезеңдеріне қадам басты. Жуырда ғана Ресей химия-технологиялық университетінде арнайы меморандумға қол қойып, келісім жасасқан университет делегациясы Ташкент қаласына да арнайы барды.
Ташкентте Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылған. Қазір көрші өзбек елі ресейлік әріптестерімен бірлесіп, химик-технолог мамандар даярлауда.
Дулати университетінің делегациясын Ташкентте филиал басшылығы И.Фарафонтова, Б.Нұрматова және А.Абдрахимова қарсы алды. Кездесуге «УзХимПром» кәсіпорнының өкілі В.Арипов мырза қатысты.
Басқосудан кейін тараздықтар Д.И.Менделеев атындағы РХТУ филиалының жаңа, заманауи, соңғы техника бойынша жабдықталған оқу корпусымен танысты. Ташкенттік әріптестердің жоғары оқу орнының филиалын ашу әрі өзара іс-қимыл жасаудағы тәжірибесін зерделеді.
Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде 2025 жылға дейін шетелдік жоғары оқу орындарының бес филиалын ашуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуы жоғары оқу орындарының заманауи үлгілері мен ғылыми экожүйені ұлттық білім және ғылым жүйесіне енгізу мақсатында Дулати университеті, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «Қазфосфат» ЖШС арасында білім және ғылым саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы үшжақты келісім жасасты.
Жасалған келісімдер бойынша алдымен қыркүйек айында «Қос дипломды» бағдарлама шеңберінде мамандар даярлау жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ алдағы уақытта Дулати университетінің базасында Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын ашу да жоспарда бар.

Дулати университетінің медиа-қызметі
21.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 83
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 116
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 83
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 227
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 231
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 444
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 407

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9104
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11730
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9495
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10711