Тату тұрғанға не жетсін!

Тату тұрғанға не жетсін!

Құшағы кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына тарт­ты. Қазақстанда бір шаңырақ астын­да өмір сүріп жүрген түрлі ұлт­тар мен ұлыстардың бірлігі, ынты­­мағы – басқа мемлекеттерге үлгі. 

Соның бір жарқын көріні­сі – Гродеково ауылында аудан­дық Мәдениет үйінің ұйымдасты­руымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» атты өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен өткен әдеби-сазды кеш.  

Кеш шымылдығы Гродиково ауылдық округінің атынан өнер көр­сеткен «Айжұлдыз» би тобының билерімен түрілсе, Жамбыл ауылдық округінен келген түрік ұлтының өкілі Севда Қарабаеваның орындауындағы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен жалғасты.

Әдеби кеш барысында Гродеково ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төрегелді Үсіпбеков  әртүрлі ұлт өкілдері татулықта, бірлікте тұрып жатқанын айта келе, ауданның мәдени-көпшілік өміріне атсалысып жүрген аудандық Мәдениет үйіне, округ әкімі аппаратына және кешке қатысып, өз өнерлерін ортаға салған этнос өкілдеріне алғысын жеткізді. 

Шарада Даяна Мамедова, Роза Майорова және Бақыт Қатар танымал ақындардың жырларын оқып, лирикалық әндерін орындады.

Кеште көрермен қауым этноорта­лықтардың өресі биік, өрісі кең қолөнер бұйым­дарымен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Жасұлан СЕЙІЛХАН
19.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5510
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5661
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20631
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19261
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22724