Таулы Қарабақта тағы да соғыс

Таулы Қарабақта тағы да соғыс

   «Хабар 24»: «Таулы Қарабақта Әзербайжан мен армян күштері тағы қақтығысып, бірнеше жауынгер қаза тапты. Әскери қимылдар Лачин ауданында болды», – деп хабарлайды. Әзербайжан тарапының мәлімдеуінше, ұрыс танылмаған Таулы Қарабақ Республикасы күштерінің Әзербайжан жасақтары бекінісін атқылауынан басталған. Шабуылдан бір сарбаз қаза тапты. Әзербайжан тарапы қарымта жауап ретінде қарсы жақтың 2 жауынгерін мерт қылып, 14-ін жаралаған. Бірқатар жотаны бақылауына алған. Танылмаған Таулы Қарабақ Республикасы жартылай мобилизациялау жариялады. Еске сала кетсек, 2020 жылы қыркүйек айында Таулы Қарабақта жағдай қайта шиеленісіп, екі ел арасында соғыс болған еді. Әскери қимылдар қараша айында Армения, Әзербайжан және Ресейдің үшжақты келісімге қол қоюымен аяқталып, Баку Шуша қаласы мен тағы бірнеше ауданды өзіне қайтарып алған-ды.

 

Ермек Сахариев
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 39
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 45
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 22
ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 05.05.2024 29
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 20

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1274
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7321
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11188
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7379
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7528