Елдің Бас уәзірі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында: «Әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты халқымыздың алаңдаушылығы орынды. Сөзсіз, бұл жағдай біздің экономикамызға да әсер етпей қоймайтыны түсінікті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бірнеше күннен бері өздеріңізбен ақылдасып тиісті шешімдер қабылдадық Осылайша Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыруға кірісті. Аталған жоспар инфлцияны бақылауда ұстауға, валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтауға, жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталып отыр», – деп мәлімдеді.