«Тіліңді тый!»: Депутат Айгүл Құспан Зюгановқа жауап қайтарды

«Тіліңді тый!»: Депутат Айгүл Құспан Зюгановқа жауап қайтарды

Ресей Думасының депутаты Геннадий Зюганов қазақ жерінекөз алартып, "Солтүстік Қазақстан тұтастай орыстікі", - деп сөйлеген еді, деп хабарлайды Paryz.kzAbai.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол Дума ғимаратында тұрып: «Солтүстік Қазақстан тұтастай алғанда орыстікі, ал оңтүстік Қазақстанда орыс тілі мектептерде оқытылмауда. Сондықтан мен бүгінгі таңда президент, Үкімет және Мемлекеттік Дума бұл мәселені шешу бойынша нақты шешімдер шығаруы тиіс деп санаймын. Ең алдымен орыстілділерді бұл елде болып жатқан национализмнен қорғау керек. Біздің Байқоңыр нысанымыз, қаруға арналған уран шығару зауытын, полигонды да қорғауға алуға тиіспіз. Біз рухани, мәдени, тілдік тұрғыдан толық қорғалуға тиіс шаралар қабылдауға міндеттіміз», - деп көкіген еді.

Зюгановтың бұл сөздеріне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттегі Халықаралық істер комитетінің төрағасы Айгүл Құспан жауап қайтарыпты. Мәжіліс депутаты Геннадий Зюганов деген Думадағы Компартия жетекшісі соқтығарға себеп таппай жүр деп санайды.

«Тырнақ астынан кір іздеп, қисынға келмейтін, ойдан құраған дүниені дауға ұластырмақшы. «Солтүстік Қазақстан тұтастай алғанда орыстікі, ал оңтүстік Қазақстанда орыс тілі мектептерде оқытылмауда» дегенін басқаша түсіндіру мүмкін емес. Ресей билігін шұғыл шара қабылдауға шақыруы да ашықтан-ашық арандату. Айтылған сөз – атылған жоқ.

Шовинистік үндеу жасаған Зюганов Қазақстан мен Ресейдің сенімді серіктес, одан қалды одақтас екенін ұмытып кетсе керек. Коммунистік партияның көсемі өзін алыс-жақын шетелдегі орыстардың жанашыры, ұлт патриоты ретінде дәріптегісі келгендей. Мұндай мәлімдеме арқылы Зюганов секілді саясаткерлер Ресейдің сүйкімін кетіруде. Ел мен елді араздастыруда», - дейді депутат Құспан.

Ол сондай-ақ, қазіргідей құбылмалы уақытта ресей саясаткерлері ең алдымен тілін тыйуы қажет екенін айтқан. «Әсіресе, көршілеріне келгенде ауыздан шыққан әр сөзге абай болған жөн», – дейді депутат.

paryz.kz
09.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 135
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 172
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 168
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 135
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 280
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 497
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 455

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9153
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8552
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11779
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9547
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10759