ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы

ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы

2022 жылы Елордада өтетін саяси оқиғалардың бірі – ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы. Іс-шара 14 қазанда өтеді деп жоспарлануда. Отырыс аясында ТМД елдері лидерлерінің бейресми кездесуі де өтуі мүмкін. Айта кетері, 2022 жылы Қазақстан ТМД-ға төрағалық етеді. Осыған байланысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп белсенді жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.

ТМД мемлекет басшылары кеңесі – Тәуелсіз мемлекеттер достастығының жоғарғы органы. Оған ұйымға қатысушы мемлекеттердің бірінші басшылары кіреді. Кеңес ТМД жарғысын өзгерту, ТМД органдары құрылымын өзгерту мәселелерімен айналысады. Кеңестің кезекті отырысы жыл сайын өткізіледі. Еске салсақ, ТМД – бұған дейін КСРО құрамына кірген мемлекеттер арасында ынтымақтастық қатынастарын реттеуге бағытталған халықаралық ұйым. Ол 1991 жылы 8 желтоқсанда құрылды. ТМД-ға қатысушы мемлекеттер: Әзірбайжан, Қырғызстан, Армения, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Түрікменстан және Украина.

                        

Ермек САХАРИЕВ
11.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5638
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5785
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20755
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19383
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22849