Тойшылдық пен қыдырымпаздық түбімізге жетеді

Тойшылдық пен  қыдырымпаздық  түбімізге жетеді

Міне, сол қазіргі болып жатқан қазақ ұлтына ғана тән азғындық пен ажырасу, жауыздық пен надандықтың шыңы – сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың кесірі. Соңғы рет қайта сайланғанда  Президентіміз ең бірінші ауылды дамытып қолға алатынын шегелеп айтты, бірақ іс жүзінде солай ма? Солтүстік аймақ тұрмақ, оңтүстік облыстардың өзінде қалалы жерден 60 км ары ауылдарда халық жыл сайын сиреуде. Бұның өзі мектеп оқушыларының азайып, сыныптарда бала жетіспеушілігінен ұстаздардың қысқаруы ауылдарға үрей туғызуда. Негізгі себеп – бетінде қытығы жоқ, кезіндегі  жауапты орында істеген азаматтарымыздың «болашағы жоқ ауыл», «мәңгілік оқу» деп осы екі терминмен ұлттық идеологиясыз қазақ ұлтының түбіне жетіп отырғандығы. Кеңес дәуірі кезінде мектеп бітіре  салысымен қыздарымыздың тең жартысы абыройын сақтап үйленуге, ана болуға асығатын. Қазір мектеп бітіргендердің сирек жағдайда болмаса ешқайсысы ауылға қайтып оралмайды. Білім алатыны білім алып, әр жерде жұмыс істеп, дүниенің түкпір-түкпірінде екі иығын жұлып жеп шаштары жалбырап, ойын-сауық, шоуларда, қолдары аспанда жылтыңдап, жылпостар мен алаяқтардың арбауында абыройсыз, ана болу арманынан айырылып, жесірлердің қатарын толтырып жүр. Осы қасіреттердің барлығы дерлік ұлтымызға тән болып отыр. 

Жүз мыңдаған жесірлердің жыл сайын артуы ауылдардағы 30 бен 50 жас арасындағы қара шаңырағы мен әкесін  не  шешесін  қимай  отырған ер-азаматтардың ұрпақсыз қалуына себепші болып отыр.  Кеңес кезінде қалада, қаланың төңірегінде тұратын қыздар, алыс ауылдарға тұрмысқа шыққанда «бірер аптада сиыр саууды, от жағып ет асып, көңге нан пісіруді үйрендім» деп, көршілеріне қуана айтып  сыйласып жатушы еді. Оның бәрі әдірем қалды. Үйлену тойынан басқа тойдың жүздеген түрлері қазақты титықтатып бітті десе де болады. Бұның бәрі қорытындысында жеңілтектікке, дарақылық пен мақтаншақтыққа бейімдейтін, уақыт пен қаражатты босқа ысырап ететін, қаншама жанұялардағы қимастарын о дүниеге (жол апаты) бұндай әпербақандықтан сабақ алар емес. Тойшылдық пен қыдырымпаздықтың кесірінен ұрпақтарын тәрбиелеуге уақыт таппай жүрген селтеңбайлар ертең келер ұрпақтың алдында не деп жауап берер екен. Қанша жасырсақ та мемлекетіміз  басқа этностардың есебінен (өзбек, дүнген, үйғыр, тәжік...) көбейетіні белгілі боп қалып отыр. Барлық зейнетақы мен жәрдемақының көбісі осы ұлттарға тиесілі болып отыр. Жылдам көбейіп отырған осы ағайындардың азаматтары әскерге  қызмет етуге бара бермейді (сирек жағдайда болмаса). Бұл  қалай, «жаман үйді қонағы билейді» деген қағида ма, әлде әскери мекеменің жемқорлығы мен немқұрайлылығы ма? 

Егер Қазақстандағы барлық ұлт шын ниетімен әскерге барып мемлекетімізге қызмет етсе, солдат өлімі де азаяр ма еді. 

Ауылдардағы халықтың ауылды тастап жаппай қалаға көшуінің бір себебі – қазақтың алтын тамыры ауылды насихаттауда стратегиялық ұлттық идеологияның жоқтығы. Ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығын терең өңдейтін цехтарды ашып, қаладағы мекемелердің 30 пайызын ауылға көшіру керек. Үзілді-кесілді қалалы жерден жер беру мен үй беруді тоқтату керек, керісінше осының бәрін ауылдарға жасау керек. Қалалы жердегі оқу орындар мен жатақханаларда, мектеп-интернаттарда тәртіп пен ұлттық құндылықтарды насихаттауды  қатал қадағалап, басшыларына тапсырып, орындалмаса жазалау керек.  

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
17.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 246
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 242
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 744
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 867
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 780

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8936
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8330
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11558
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9315
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10542