Өзбекстандағы әрбір 1000 отбасының 175-і ажырасады

Өзбекстандағы әрбір  1000 отбасының 175-і ажырасады

Орталық Азиядағы халық саны ең көп әрі «дәстүрлі отбасылық құндылықтары жақсы сақталған» деп сипатталатын көрші ел Өзбекстанда да ажырасу мәселесі кәдімгідей байқала бастаған. Бұл туралы «https://kun.uz» сайтында 28 сәуір күні Фаррух Абсаттаровтың шағын мақаласы жарық көрді. Мақалада ажырасулардың ең көп саны Ташкент қаласында, Сырдария және Ташкент облысында тіркелген көрінеді.

2025 жылғы жағдай бойынша Өзбекстандағы неке тұрақтылығы коэффициенті мың адамға шаққанда 175,6-ны құрады. Бұл 1000 некеге орта есеппен 175 ажырасудан келетінін білдіреді.

Отбасы және гендерлік зерттеулер институтының талдауына сәйкес, бұл көрсеткіш халықаралық стандарттар бойынша төмен және Өзбекстандағы ажырасу деңгейінің басқа көптеген елдерге қарағанда «сәл төмен» екенін білдіреді.

Атап айтқанда, Молдовадағы неке тұрақтылығы коэффициенті 642,7, Әзербайжанда – 431,9, Қазақстанда – 328,2 және Қырғызстанда – мың адамға шаққанда 289,6-ны құрайды.

«Талдау Өзбекстандағы ажырасу деңгейі халықаралық көрсеткіштерден айтарлықтай төмен екенін көрсетеді, бұл қоғамдағы отбасылық құндылықтардың басымдығын және некенің тұрақтылығын көрсетеді», – делінген қорытындыда. Аймақтар бойынша талдаған кезде Қашқадария, Хорезм және Сурхандария облыстарында неке тұрақтылығы жоғары деңгейде қалып отыр. Ажырасу көрсеткіштері Ташкент қаласында, Сырдария және Ташкент облысында салыстырмалы түрде жоғары.

PS: Ажырасу қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі проблемаға айналды. Өкінішке қарай, жыл сайын артып келе жатыр. Біз Фаррух Абсаттаровтың осы шағын материалын оқи отырып, Орталық Азия елдері арасындағы ажырасу мәселесі бойынша соңғы 5 жылдағы көрсеткіштерге назар аударып көрдік. Ресми деректер бойынша: 1) Қазақстан, 2) Қырғызстан, 3) Өзбекстан, 4) Тәжікстан, 5) Түркіменстан елдері екен. Дегенмен, Қазақстанда жыл өткен сайын ажырасулар азая бастапты. Ал Өзбекстанда көбею байқалған. Мысалы: 2021 – 39300 адам, 2022 – 48700 адам, 2023 – 49200 адам, 2024 – 45100 адам, 2025 – 46900 адам ресми некесін бұзған екен. Қырғызстанда да солай өсім байқалады.

Бұл туралы пікір білдірген мамандар ажырасулардың көбеюін урбанизацияның қарқын алуы мен әлеуметтік өзгерістердің себебімен байланыстырған. Бұдан бөлек, дін мен дәстүрдің ықпалы, экономикалық тәуелсіздік, білім деңгейі, батыстық мәдени әсердің де айтарлықтай ықпалы бар екенін қосуға болады.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
30.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24690
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24354
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41796
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37676
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42088