«Томирис-Тұран» – күміс жүлдегер

«Томирис-Тұран» – күміс жүлдегер

«Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озар» деген тәмсіл барлығымызға да таныс. Алайда «елу жылда ел жаңа, жүз жылда – қазан» екенін де мойындамасқа болмайды. Ата-бабаларымыз доп тебуден ешқандай да болашақ көрген жоқ. Қазір заман өзгеріп, әлемде доп қуғандар озатын жағдай қалыптасты. Қазақ елі де әлемдік көштен қалмаудың қамын жасау қажет. Нәтижесінде қазір ерлермен қатар әйелдер футболы да қарқынды даму үстінде. 

Жуырда футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының қорытынды туры өтті. Түркістандағы «Түркістан-Арена» стадионында Түркістанның «Томирис-Тұран» қыздар командасы мен Шымкенттің «БИІК-Шымкент» клубы кездесті. Чемпионат аяқталмай тұрып ел чемпионы атанып үлгерген шымкенттік клубқа қарсы түркістандық арулар лайықты қарсылас бола білді.

«Түркістандағы жаңа стадионда өткен бәсеке тартысты әрі қызықты өтті. Жасыл алаңда жасындай жарқыраған еліміздің қос командасының шеберлігі жанкүйерлердің оң бағасын алды. Алма-кезек шабуылмен өткен кездесу 2:3 есебімен аяқталды. Қонақтар жеңіске жетті. Дегенмен бұл нәтижеге қарамастан қос клуб та бірінші және екінші орындарды еншілеп қойған болатын. Биыл жаңадан құрылған Түркістан облысының «Томирис-Тұран» әйелдер командасы ел чемпионатына қатыса сала жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Ал Еуропада атой салып жүрген «БИІК-Шымкент» чемпиондық атағын қорғап қалды», – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Түркістандық ару футболшылар командасы жаңадан құрылғанына қарамастан, бірқатар жетістіктерді бағындырып үлгерді. Айталық, осы команда ойыншысы Әйгерім Айтымова биылғы футбол маусымындағы үздік голдың авторы атанды. Ал  финалдық кездесуде шеберлік сынасқан қос команда 2022 жылы футболдан әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайтын болады. Додаға биыл ғана қосылғанына қарамастан, осындай жоғары жетістікке жеткен «Томирис-Тұранның» бұл табысы қандай мақтауға болса да лайық. Бұл команданың жұлдыздай жарқырар сәті әлі алда деп сенгіміз келеді.

Реті келгенде айта кеткен жөн, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай және облыс әкімі Ө.Шөкеевтің аймақтарда футбол спортын дамыту тапсырмасына сәйкес, 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында футболдан Түлкібас ауданы әкімінің кубогына арналған жарыс өтті. Салтанатты шараның ашылуына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашев, аудан әкім Н.Байғұт және спорт саласының ардагерлері қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі. 

 «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» атты ұранмен екі күнге созылған жарысқа көршілес Сайрам, Ордабасы, Төлеби және жергілікті жас былғары доп шеберлері қатысып, жалпы 10 команда өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Састөбе ауылының жөсөспірімдерінен құралған команда иеленсе, ІІ орын Төлеби ауданының құрамасына, ІІІ орын Майтөбе ауылының №4 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің оқушыларына бұйырды.

Ш.Молдабек
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 114
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 127
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 218
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 355
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 586
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 529

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9235
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8631
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11857
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9628
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10840