Т.Рысқұлов ауданы «Таза Қазақстан» акциясына белсенділік танытуда

Т.Рысқұлов ауданы «Таза Қазақстан» акциясына белсенділік танытуда

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен республика көлемінде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жарияланған уақыттан бастап Т.Рысқұлов ауданында  «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» тақырыптарында аумақтарды абаттандыру, көгеріштендіру және арықтар мен бұлақ көздерін ашу сынды іс-шаралар жүргізілген болатын.

Т.Рысқұлов ауданының белсенді тұрғындары мен қоғамдық қызметкерлердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың және ардагерлер мен зиялы қауым өкілдерінің атсаласуымен барлығы  12000 –ға жуық   тұрғын қамтылып, жоспарлы желілік кестеге сәйкес, 1100 тал-дарақтар отырғызылып, 40 шақырым арықтар мен каналдар, 18 саябақ, 15 сквер аулалары тазаланып, ағаштарды әктеу жұмыстарымен қатар 600 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар 15 ауылдық округ тұрғындарының 50-ден астам зейнеткерлер мен Ұлы Отан соғыс ардагері, тыл еңбеккерлері тұрғын үйлерінің аулаларына сенбіліктер (шөп шабу, қоқыстан тазарту, көкөніс егілетін жерлерін аудару) ұйымдастырылып, игі іс-шараға 200- ден астам белсенді жастар қатысты.

Аудан орталығындағы Құлан агротехникалық жоғарғы колледжінің аумағына ауыл ардагерлері мен колледж студенттерінің атсалысуымен 60 түп сән ағаштары және Аудандық орталық аурухананың аумағына 30 түп жеміс ағаштары отырғызылды.

Бүгін де(10 маусым) «Жамбыл облысындағы тазалық акциясын өткізу күні» деп  белгіленуіне байланысты, аудан әкімдігіне қарасты бюджеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Қарақат ауылына барар жол бойында орналасқан «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында егілген тал дарақтардың түбін қопсыту, суару арналарын ретке келтіру, қоршау, бағаналарын әктеу және саябақ аумағын тазарту жұмыстары жүргізілді.

- Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экоакциясын қолдап, туған өлкеміздің тазалығы үшін зиялы қауым өкілдерінен бастап, жастарымызға дейін акцияға белсенділік танытып отырмыз.  Мен бұл бастаманы қолдаймын. Тазалық өзіміздің ауламыздан басталады. Әркім айналасын таза ұстаса, ауданымыз да таза болады- деді, Т.Рысқұлов ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов.

Экоакция барысында «Таза Қазақстан» акциясында белсенділік танытып жүрген қоғамдық жұмысшылар арасынан «Ең белсенді тұрғын» атты марапаттау шарасы ұйымдастырылып, Жастар ресурстық орталығы мамандарының ұйымдастыруымен  «Жастар спорт қолдайды» атты футбол спорт түрінен жарыс өтті.

Бұл ауданымыздың ажарын арттыра түсер игі бастама жыл соңына дейін жалғасып, кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

10.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 26
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 19
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 158
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 162
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 373
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 346
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 961

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9039
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8436
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11663
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9418
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10643