Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ МУРАЛ САЛЫНДЫ

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ МУРАЛ САЛЫНДЫ

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына аясында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында белгілі қоғам қайраткері, қазақ халқының жанашыры Тұрар Рысқұловтың муралы пайда болды.

Бұл арт-жоба  Құлан ауылы Жібек жолы мен Ә.Тілепов көшелерінің қиылысында орналасқан «ҚазПошта» ғимаратының қасбетінде салынды. 

Муралды салу үшін 2 күн жұмыс жасалды.

Арт-нысан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Құлан ауылдық округі әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Аудан тұрғындары ғимарат  қабырғасына сән беріп тұрған стрит-арт суретін қолдап, аудан мақтанышына айналатынына сенімді.

«Халқына пана болған, өз ұлты үшін бар күш-жігерін жұмсаған, ұлы тұлға Тұрар Рысқұловқа деген құрметті одан әрі арттырады деп үміттенеміз. Сондай нар тұлғаның атын еншілеген біздің ауданымыз үшін үлкен мақтаныш», - деп ойын айтты Құлан ауылының тұрғыны Азат Алиханов.

23.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5505
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5656
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20626
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19256
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22718