ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНЫҢ КӨКПАРШЫЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Шымкент қаласында көкпардан ерсектер арасында республикалық турнир өтті. Жарыстың мақсаты – биыл елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үздіктерді іріктеу.
Дүбірлі сынға еліміздегі көкпар спорты өте жақсы дамыған Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының аудандарынан жасақталған 7 мықты команда қатысты. Ұлттық құраманың мүшелері сынға түсті.
А тобында Түлкібас ауданы (Түркістан облысы), Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы), Қазығұрт ауданы (Түркістан облысы) және Тұран ауданының (Шымкент қаласы) командалары шеберлік байқасты.
Б тобында Шымкенттің Абай, Қаратау аудандары мен Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданының көкпаршылары өзара кездесті. Әр топта бірінші орын алғандар чемпиондыққа таласса, екінші орын алғандар қола жүлде үшін күш сынасты.
Турнир барысында сенсациялық нәтиже тіркелді. Түлкібас командасы Жамбыл командасын 4:2 есебімен жеңді. Жамбыл командасы Қазақстанда қарсылас шыдатпай жүрген «Әулие ата» командасының көкпаршыларынан жасақталған. Ұлттық құрама мүшелерінен құралған бұл команданы түркістандықтар 5-6 жылдан бері жеңе алмай келе жатқан еді.
Бұл жолы білікті көкпаршы, бапкер Жаныс Саевтың ұтымды тактикасының нәтижесінде түлкібастықтар жеңіске жете білді. Жамбылдықтар Шымкенттің азулы Тұран командасын 10:0 есебімен жеңгенін ескерсек, түлкібастықтардың бұл жеңісінің маңызы айрықша екенін аңғарасыз. Оған қоса Түлкібас көкпаршылары облыс чемпионы Қазығұрт көкпаршыларынан 7:3 есебімен басым түсті.
Өз тобында бірінші орын алған Түлкібас командасы финалда Шымкенттің Абай ауданының командасын 9:7 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды. Екінші орын Абай ауданына бұйырса, қола жүлдені Жамбыл ауданының командасы жеңіп алды.
Жеңімпазға 8 млн теңге тапсырылса, екінші орынға –6 млн, үшінші орынға 4 млн теңге көлемінде сыйлық берілді.
Айта кетейік, Түркістан облысында көкпарға тиісті қолдау көрсетіліп, жас буынға басымдық берілуде. Нәтижесінде Түлкібас ауданы командасы сапында 18-20 жастағы жігіттер команданы алға сүйреді. Жүректі әрі білекті жас жігіттер ешкімнен сескенбей, аса тәжірибелі, аға буын көкпаршыларды айқын жеңіп, Түркістан өңірінде жаңа толқын пайда болғанын дәлелдеді. Бұл өрендер ұлттық құрамаға іріктеліп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады деп жоспарланып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
16.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 513
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 618
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 623
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 615
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 619
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 395

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11700
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10629
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13862
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12820
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17825