ТУРИЗМ САЛАСЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ

ТУРИЗМ САЛАСЫ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ

 

Өзбекстанда ШЫҰ мүше мемлекеттердің туризм салалары басшыларының қатысуымен 19-20 мамыр аралығынд Ташкент қаласындағы  “Hilton Tashkent City” қонақүйінде “ШЫҰ елдері ынтымақтастығының жаңа кезеңі: туризм және мәдени мұра” гибридтік форматтағы кездесуі өтті. Форум үстіміздегі жылдың 15-16 қыркүйек күндері Самарқант қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезектегі саммиті аясында ұйымдастырылып отыр. 

Кездесуге ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің: Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның туризм салаларының басшылары, туризмді дамыту және мәдени мұраны сақтау бойынша халықаралық сарапшылар, түрлі министрліктердің басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Форумның негізі мақсаты — ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сенімділікті, достықты пен тату көршілік қарым-қатынасты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, мәдени және тарихи орындарды сақтау, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туристік әлеуетін ілгерілету. 

Жыл сайын дамып жатқан туризм индустриясын елдер ұлттық экономиканың маңызды сегменті және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың стратегиялық ынталандыруы ретінде қарастырады. Президенттің белсенді және жан-жақты қолдауының арқасында Өзбекстанның туристік базары халықаралық туристерді қабылдау үшін есігін айқара ашты. Қысқа уақыт ішінде Өзбекстанға визасыз кіріп-шығатын елдер саны 9-дан 92-ге өсті. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттермен туристік байланысты одан әрі дамыту біз үшін үстем бағыттардың бірі. Дүниежүзі халқының 44 пайызын қамтыған ШЫҰ аймағы — бұл игерілмеген үлкен туризм базары. Мысал ретінде айтатын болсақ, 2019 жылы ШЫҰ елдерінен 250 миллионға жуық турист шетелге демалуға кеткен. Үндістаннан 27 миллион, Қытайдан 155 миллион, Өзбекстаннан 1,7 миллион, Қазақстаннан 206 мың, Тәжікстаннан 31 мың, Ресейден 20 миллион. Біз бар күшімізді біріктіріп, бұл ағымды ең алдымен “ШЫҰ-ның ішкі туризмін” дамытуға бағыттауымыз керек”, — деді кездесуде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов. 

Шараға онлайн қатысқан ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин бүгінгі таңда ұйымның алдында туризм саласындағы ынтымақтастықты сапа жағынан жаңа, жоғары деңгейге көтеру міндеті тұрғанын айта келе, барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті. Осы тұрғыда ШЫҰ аясындағы көпжақты серіктестікті дамыту бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары қойған келісімдер мен міндеттерді жүзеге асыру үшін тұрақты және тікелей кеңсеаралық байланыстардың маңыздылығы айтылды. 

Кездесу аясында туризм саласы басшылары “Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтері арасында туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісім” жобасын мақұлдап, оған Саммит барысында қол қоюға келісті. 

— Туризм саласын еліміз экономикасының жақсы драйверіне айналдыруымыз қажет. Сондықтан біз осы салада бірқатар жұмыстарды атқарып жатырмыз. Шетелдік туристердің бірнеше қалаларда болғысы келеді. Мысалы, Самарқант қаласына келген туристерді Түркістан қаласына әкелсек ол бізге жақсы серпін береді деп ойлаймын, — дейді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев. 

 

Сонымен қатар тараптар пандемиядан кейінгі кезеңде туризмді қалпына келтіру және одан әрі дамыту, ШЫҰ-ның бірыңғай туристік брендін қалыптастыру мен ілгерілету саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ жаңа туристік бағыттарды құруға, қолданыстағы маршруттарды қауіпсіз туризм тұрғысынан оңтайландыруға, туризм саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша тәжірибе алмасуға келісілді. 

Бүгінгі таңда Өзбекстанның туризм саласының алдында кіру туризмін жеделдету және ішкі туризмді 10 миллион адамға жеткізу бойынша күрделі міндет тұрғанын атап өткен орынды. 

Осы мақсатта туристік бизнеске көп жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, 1 маусымнан бастап туристік ауылдарда қонақ үйлер, азық-түлік және сауда орындарын, ойын-сауық нысандарын ашқан кәсіпкерлер 3 жылға 1 пайыз айналым салығын, 1 пайыз жер және су салығын, сондай-ақ есептелген табыстың тек 1 пайызын ғана төлейді. 

Отбасылық бизнес бағдарламасы аясында қонақ үйлер, экоүйлер, шатырлы қалашықтар салуға несиелер бөлініп, 31 аудан мен қаладан өтетін Өзбекстан туристік автомобиль жолы бойында автотұрақ, кемпинг, автосервис, қоғамдық тамақтану және жанар-жағармай құю бекеттері бар керуен сарайлар құру бойынша іс шаралар белгіленген. Бұдан тыс 1-сентябрьден бастап әуе, теміржол және автобус билеттері құнының 15 пайызын, қонақ үйде тұру құнының да дәл солай 15 пайызын, мұражайлар мен басқа мәдени нысандарға төленген билетер құнының 50 пайызын қайтаратын “кэшбэк” жүйесі енгізілмек. Бұл саяхатшылар үшін жасалған жеңілдіктер.

Айгүл ЕРКІНҚЫЗЫ, Ташкент қаласы
23.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602