Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті ТҮРКПА-ның XV пленарлық отырысында сөз сөйледі

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті ТҮРКПА-ның XV пленарлық отырысында сөз сөйледі

2026 жылғы 20 қазанда Бішкекте «Жасанды интеллект пен технологиялық прогресс дәуіріндегі түркі әлемінің парламенттік ынтымақтастығы» тақырыбында Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясының (ТҮРКПА) XV пленарлық отырысы өтті. Іс-шараға парламент басшылары, парламенттік делегациялар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Құрметті қонақ ретінде сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа, Жогорку Кенешке және оның Төрағасы Марлен Маматалиевке жиынды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, қырғыз тарапына ТҮРКПА-ға төрағалық ету кезеңінде табыс тіледі.

Қор президенті өз сөзінде мәдени мұраны сақтау, зерттеу және дәріптеу, түркі мәдениетінің байлығы туралы сенімді ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту және оны келешек ұрпаққа жеткізу ісінде жасанды интеллект пен цифрландырудың маңызды рөлін атап өтті.

Түркі мемлекеттері басшыларының мәдени бірлікті нығайту мен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамалары мен алға қойған міндеттеріне ерекше назар аударылды. Ақтоты Райымқұлова Қор қызметіне көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдіріп, оның жобаларын, соның ішінде түркі елдерінің сарапшыларымен бірлесіп әзірленіп жатқан цифрлық платформаны таныстырды.

Сондай-ақ Қор президенті ТҮРКПА-мен әріптестіктің маңызын атап өтіп, ортақ мәдени мұраны сақтау саласында парламенттермен өзара іс-қимылды дамытуға дайын екенін жеткізді.

Пленарлық отырыс ТҮРКПА-ның қазіргі Төрағасы, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевтің кіріспе сөзімен ашылды. Отырыста Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисінің Төрайымы Сахиба Гафарова, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы Айбек Дәдебай, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмуш, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Республикалық жиналысының Төрағасы Зия Өзтүрклер және ТҮРКПА-ның Бас хатшысы Рамиль Гасан да сөз сөйледі.

Отырысқа қатысушылар парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін, заманауи технологияларды қолдану және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

21.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28753
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28279
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45577
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41226
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45894