«ТҮРКІСТАН АРЕНАҒА» ОРАЛҒАН «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«ТҮРКІСТАН АРЕНАҒА» ОРАЛҒАН «ТҰРАН»  КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 20-тур ойындары өтті. Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасы жасыл алаңы жөндеуден өткен «Түркістан арена» стадионында Қарағандының «Шахтер» футболшыларын қабылдады. Бір жарым жылдан астам уақыттан бері Түркістан жұртшылығы футболды сағынып қалған екен. 7 мың жанкүйер жиналып, стадион толық толды. Тартысты бәсекені Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы тамашалап, футболшыларға қолдау көрсетті.
Турнир кестесінде 11-орында тұрған «Тұран» командасы өз алаңында 13-орында тұрған қарағандылық қарсыласын толассыз шабуылдармен қарсы алды. Алғашқы минуттан өткір шабуылдар ұйымдастырып, ойын тізгінін қолға алды. Сондай шабуылдардың бірі жемісін беріп, ойынның 26-минутында Иван Хомуха есеп ашты. Осылайша, бірінші тайм алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Екінші тайм алма-кезек шабуылдармен жалғасты. Алаң иелері есепті еселеуге тырысса, қонақтар теңестіруді көздеді. Сондай ұрымтал сәттің бірінде «Тұран» қақпасына пенальти белгіленді. Айып соққысын қақпашы қайтарғанымен, төреші сол сәтті VAR жүйесінен көріп, пенальтиді басынан тепкізу туралы шешім қабылдады. Ашортия есепті теңестірді. Бұл 67-минут болатын.
Қиын жағдайға тап болған түркістандықтар жанкүйерлердің қызу қолдауымен алға ұмтылды. Аса тартысты матчта қос команда сапынан да бір-бір ойыншыдан қуылғанын айта кеткен жөн. Дегенмен «Тұран» ойыншылары соңына дейін шайқасты. Ойынның 99-минутында Мишов жеңіс голын салып, командасына аса маңызды 3 ұпайды сыйлады. «Түркістан арена» стадионына жиналған 7000 жанкүйер қуаныштан шаттанып, «Түркістан» әнін бірге шырқады. Осылайша, Түркістанға үлкен футбол тамаша жеңіспен оралды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
15.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Қуантсаң, баланы қуант»
Еркін Келесов, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»басшысы - 23.10.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «РЕСПУБЛИКА КҮНІ» МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120-ДАН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 22.10.2024 108

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6682
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6113
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9319
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7104
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8313