ТҮРКІСТАН: «АРПАӨЗЕН ТАРИХИ-МӘДЕНИ АУМАҒЫНЫҢ ТАРИХИ ТОПОГРАФИЯСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: «АРПАӨЗЕН ТАРИХИ-МӘДЕНИ АУМАҒЫНЫҢ ТАРИХИ ТОПОГРАФИЯСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы, Созақ ауданында Арпаөзеннің бойында қола, сақ дәуіріне тән 5000 мыңға жуық петроглиф сақталған. Қазіргі таңда «Қазақ материалдық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Арпаөзен тарихи-мәдени аумағының тарихи топографиясы» жобасы аясында дала жұмыстарын аяқтады. Жоба екі кезеңнен тұрады. Биыл Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық» МКҚК-ның тапсырысымен «Қазақ материалдық ғылыми-зерттеу институты» ЖШС (КазНИПИ) тарапынан бірқатар жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, Арпаөзен кешеніне қатысты мәліметтерді алуға тиісті органдарға өтініштер жолданды, тарихи-архивтік және библиографиялық іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ заттай зерттеу жасалды, алынған нәтижелерді талдау, жүйелеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның негізінде типографиялық жоспар, археологиялық карта мен координаттары көрсетілген ескерткіштердің тізімі жасақталады. Суретке түсіру және аэрофототүсірілім бойынша жұмыстар орындалды, алынған нәтижелерді жүйелеуді талдау бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар техникалық ерекшелікке сәйкес паспорт пен басқа да құжаттаманы жасау үшін қажет. Жобаның екінші кезеңінде аталған объектіні ЮНЕСКО-ның бүкіләмдік мұралар тізіміне енгізу үшін номинациялық құжаттама дайындау жоспарлануда
«Арпаөзен тарихи-археологиялық кешені және ЮНЕСКО номинациялық деректерін әзірлеу» жобасының идеясы Түркістан облысының Созақ ауданындағы Абай ауылынан 3 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан петроглифтер, қоныс орындары, оба-қорымдар секілді археология ескерткіштері шоғырланған аймақты толыққанды анықтауға және зерттеуге арналған.
Жоба аясында әлемдік деңгейдегі мәдениет ескерткіштері қатарына номианциялау және арнайы қорық аймағын құру мақсатында Арпаөзен тарихи-археологиялық кешені нысандарын толыққанды анықтау, құжаттандыру, көне елді мекендер мен обаларға қосымша археологиялық зерттеу жүргізу көзделген. ЮНЕСКО-ның номинацияланған деректерін әзірлеу үшін Арпаөзен кешенінің археология ескерткіштеріне төлқұжат құжаттарын жасау да назарда тұр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
27.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 193
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 186
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 696
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 818
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 732

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8888
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8283
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11511
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9267
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10495