ТҮРКІСТАН: ДАЛА ӨРТІ ҚАУПІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН

ТҮРКІСТАН: ДАЛА ӨРТІ ҚАУПІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асанғали Төлепбергенов айтты.
 
Басқарма басшысының сөзінше, биыл 12 маусым күні Ордабасы ауданында «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінде» 2,5 га жер жанып, 1 орман өрті тіркелген. Өрт 17:40-та ауыздықталып, сағат 18:31-де толығымен сөндірілген. Қайтыс болғандар мен жарақаттанғандар жоқ.
 
Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 маусымнан бастап өртке жатпайтын жалпы көлемі 218 га 513 жану жағдайлары орын алған. Бұл өрттер адами факторлардың әсерінен орын алған.
 
– Өрттерді болдырмау мақсатында рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру үшін облыс бойынша бірлескен мобильді топтар құрылған. Жыл басынан бері өңірде 171 рейд жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жалпы сомасы 984 500 теңгеге 74 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы орайда, облыс тұрғындарына айтарымыз, табиғат аясында яғни орманды алқапта демалыс кезінде, сіріңке мен темекі қалдығын сөндірусіз қалдыруға болмайды. Сөндірілмеген шоқ қалдықтарын, шыны ыдыстарды құрғақ шөптің үстіне, күн сәулесіне қалдыруға, рұқсат етілмеген жерлерде от жағуға тыйым салынады. Тез тұтанатын жанармай өнімдері сіңген маталарды тастамауға, ауыл шаруашылығы алқаптарында ақаулы техниканы пайдаланбауға кеңес беремін. Кез келген өртті байқаған жағдайда «101» нөміріне хабар беріңіздер, - деді Асанғали Мадиханұлы.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы заңға сәйкес, алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс. Осы ретте дала, орман өрттерінің алдын алу мақсатында өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл сайын мамыр және маусым айларында минералды жолақ жырту жұмыстарына бірінші кезеңде комиссия құрамында бақылау жүргізіледі. Биыл бірқатар кемшіліктер анықталып, облыстық әкімдікке ұсыныс енгізілді.
 
Айта кетейік, облыс аумағында орман дала өрті өтуі ықтимал 520 елдімекен бар. Оның ішінде 124 елдімекен орман қоры аумағына шекаралас, яғни 50 км дейін орналасқан. Олар - Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Отырар, Арыс, Ордабасы, Кентау, Шардара аудандарында.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
22.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 22
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 13
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 18
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 20
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 36
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550