ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 77 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 77 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА АТТЕСТАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында оқушыларға білім алғанын куәландыратын құжаттар табысталды. Мектеп директорлары бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Түлектер ұстаздарына алғыс айтып, білім алған алтын ұяларымен қимай қоштасты.
2023-2024 оқу жылында Түркістан облысы бойынша мектепті 31 210 оқушы бітіріп, 27 340 Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда. Түркістан облысында биыл 45713 оқушы 9-сыныпты бітіріп, бәріне аттестат берілді. Оның ішінде «Үздік аттестатқа» 4367 оқушы қол жеткізді. Ал 11-сыныпты 31210 оқушы аяқтап, қолдарына мектепте білім алғандарын растайтын аттестат тапсырылды. Осылайша 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында 9,11-сынып түлектерін қосқанда 77 мыңға жуық оқушыға аттестат табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
15.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4238
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4413
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19359
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18017
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21469