ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР САНЫ АРТҚАН

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕНДЕР САНЫ АРТҚАН
Түркістан қаласында 30 әлеуметтік дүкенде және 4 ірі сауда үйлері мен 25 сауда орнында ұйымдастырылған әлеуметтік бұрыштарда 19 түрлі азық-түлік тауарлары сатылады. Қажетті азық түрлері тұрғындарға арзандатылған бағамен ұсынылады. Бұл жайында «Түркістан» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева мәлімдеді.
Сонымен қатар, департамент директоры 2024 жылғы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
- Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы тұрақтандыру қорында жалпы құны 4 млрд 275,9 млн. теңгеге 15 314,7 тонна азық-түлік және 2 911 мың дана жұмыртқа өнімі бар. Сондай-ақ, Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейту мақсатында қазіргі таңда «Жаңа қала» мөлтекауданынан қосымша 6 әлеуметтік дүкен салынып жатыр. Тұрақтандыру қорына 2015 жылы облыстық бюджеттен 1,8 млрд. теңге, 2022 жылы 1 млрд.теңге, 2023 жылы 4,4 млрд.теңге бөлінді. Барлығы 7,240 млрд. теңгені құрап отыр,- деді мәлімдеді Лаура Сақтағанқызы.
Сонымен қатар, облыс көлемінде бағаны негізсіз өсірмеу, сауда үстемесін асырмау, өндірушіден сауда нүктесіне дейінгі баға тізбегін қарау бойынша, делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Жыл басынан бері комиссияның 10 отырысы өтіп, 18 нысанға қатысты бағаның өсуіне және бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарға байланысты шаралар қабылданған. Бұл жайында Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда бөлімінің басшысы Абай Шенгелбаев айтты.
Айта кетерлігі, әлеуметтік дүкендер қазіргі таңда Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Шардара, Сарығаш, Жетісай аудандарында жұмыс істейді. Алдағы уақытта өзге де аудандарда ашу жоспарланып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
09.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 103
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 137
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 138
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 103
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 247
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 462
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 424

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9124
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8520
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11748
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9516
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10729