ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ОҚУШЫҒА ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҚ ЖОЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ОҚУШЫҒА ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҚ ЖОЛДАДЫ
Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №30 С.Торайғыров мектебінің 4-сынып оқушысы Хиуаз Аршабай жуырда ерекше оқиғаға тап болды. «Президент балалардың арманын орындайды» деген әлеуметтік желідегі жазбаны оқыған ол, өз арманын хатқа түсіріп, Мемлекет басшысына жолдап, Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлық алды.
✔️Хиуаз көпбалалы отбасынан шыққан алтыншы қыз. Барлығы да өнер-білімге бір табан жақын, ізденімпаз. Президентке жазған хатында ол бауырларына арнап ноутбук сонымен қатар Мемлекет басшысымен жүздесуді жазған болатын. Алдағы уақытта ол білімін арттырып, Президентпен кездесуді мақсат еткенін айтты.
✔️Хиуаз Аршабайдың хатында өзіндік арманы жазылған. Бұл хат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалмады және ол Хиуазға өз атынан сыйлық жолдады. Елордадан келген сыйлықты Түркістан облыстық білім басқармасының мамандары табыстады. Президенттің бұл жауабы – Хиуаз үшін үлкен қуаныш.
✔️Сарыағаштық оқушы қыз тек оқу үлгерімі жағынан ғана емес, шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерімен де ерекшеленеді. Мектеп басшысы Хиуазды мектебінің мақтанышы және болашақта қоғамға пайдасы тиетін азамат ретінде көретінін жеткізді. Бұл оқиға мектеп ұжымын ерекше қуанышқа бөледі. Хиуаздың жетістігі – тек оның жеке еңбегі емес, мектебі мен анасының үнемі қолдауының нәтижесі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
12.02.2025

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 60
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 133
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 62
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 133
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 353
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 357

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19022
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18885
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34044
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32601
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36406