COP31 аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен жағалау және суасты мәдени мұрасын сақтауға арналған панельдік сессия өтті

COP31 аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен жағалау және суасты мәдени мұрасын сақтауға арналған панельдік сессия өтті

2026 жылғы 13 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптары конференциясының 31-сессиясы (COP31) аясында Түркияның Мұхиттар мен теңіздер павильонында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен «Климаттың өзгеруінің жағалау және суасты мәдени мұрасына әсері» тақырыбында панельдік сессия өтті.

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының жоба жетекшісі Нури Аксу модераторлық еткен панельдік сессияның ашылуында Қор президенті, профессор, доктор Ақтоты Райымқұлова және Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің депутаты, COP29 климат мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі көшбасшысы Нигяр Арпадараи құттықтау сөз сөйледі.

Панельдік сессия барысында Испаниядағы IHCantabria ғылыми-зерттеу орталығының өкілі, доктор Ларо Канура Гонсалес, Италиядағы Удине университетінің профессоры Массимо Капулли, Польша ғылым академиясының профессоры Блажей Станиславский, сондай-ақ Анталья университеті жанындағы ЮНЕСКО-ның UNITWIN суасты археологиясы желісінің өкілі, доцент Хакан Өниз баяндама жасады.

Талқылаулардың негізгі өзегін теңіз деңгейінің көтерілуі, жағалау эрозиясы, теңіз суы температурасының жоғарылауы және экстремалды ауа райы құбылыстарының жағалаудағы елді мекендерге, ежелгі портты қалаларға және суасты археологиялық мұра нысандарына төндіретін қауіп-қатерлері құрады.

Баяндамашылар климаттың өзгеруі табиғи экожүйелерге ғана емес, адамзаттың ортақ тарихи жадын бейнелейтін мәдени мұра нысандарына да елеулі әсер ететінін атап өтті. Осыған байланысты жағалау және суасты мәдени мұрасын құжаттау, мониторинг жүргізу және сақтау салаларында ғылыми ынтымақтастықты дамыту, цифрлық құжаттау әдістерін қолдану және халықаралық әріптестікті нығайту маңызды екені айтылды.

Панельдік сессия аясында мәдени мұраны климаттық саясат пен климаттың өзгеруіне бейімделу стратегияларының ажырамас құрамдас бөлігі ретінде тану қажеттігі де ерекше атап өтілді.

Аталған іс-шара климаттың өзгеруінен туындайтын сын-қатерлер жағдайында мәдени мұраны сақтау, осы саладағы ғылыми білім мен тәжірибе алмасуды кеңейту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды мәнге ие болды.

16.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29511
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29075
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46319
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41918
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46656