ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Түркістан облысында Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясы Халық
Үкіметі Сыртқы Істер басқармасы директорының орынбасары Цзи Вэнькуй мырза бастаған делегация өкілдерімен G2B форматында келіссөздер жүргізілді. Облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров қытайлық кәсіпкерлермен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Кездесуде Нұралхан Көшеров Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын таныстырды. Ол өңірдің еңбекқор халқы мен жаңа жобаларды бастау мүмкіндіктерін атап өтіп, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласындағы перспективаларды түсіндірді.
Қытайлық инвесторлармен құрылыс, тыңайтқыш өндіру, ауыл шаруашылығы, мақта өсіру, сауда орталықтарын ашу және демалыс аймақтарын дамыту жобалары талқыланды. Халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті өнім шығаратын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетілетіні айтылды.
Шетелдік инвесторлар Түркістан облысында қалыптасқан қолайлы инвестициялық климатқа алғыстарын білдіріп, бірқатар кәсіпорын басшыларымен кездескен болатын. Кездесулерден кейін отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар B2B форматында тәжірибе алмасты.
Кездесу алдында шетелдік кәсіпкерлер Түркістан облысының өндіріс алаңдарын аралап, шағын өнеркәсіп аймағындағы кәсіпорындардың жұмыс барысымен танысты.
Айта кетейік, 2024 жылдың 8 шілдесінде Түркістан облысы делегациясының ҚХР-на іс сапары барысында Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасында «Бауырластық меморандумына» қол қойылған болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
23.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН G2В ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.12.2024 70
ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 192
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 234
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 52
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 184
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 234
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 293
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 295
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 288
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 294
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 293
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 303

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11394
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10326
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13570
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12527
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17535