ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЗУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 7 АЛТЫН МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЗУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА  7 АЛТЫН МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
Фишиппин елінің Нью-Кларк қаласында жүзу спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтті. Жарыстың соңғы күнінде ел намысын қорғаған түркістандық ару София Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Азияның жаңа рекордымен тағы бір алтынды жеңіп алды.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасының жүзушілері түрлі бағдарламалар бойынша 20 алтын, 11 күміс және 5 қола медальға қол жеткізді.
Оның ішінде Түркістан облысының спортшыларының еншісінде 7 алтын, 2 күміс медаль бар.
Айта кетейік, түркістандық талантты қос бұрымды Аделаида Пчелинцева мен София Сподаренко сары құрлық елдері арасында өткен чемпионаттың бірнеше бағдарламасында Азия рекордын жаңартып, жоғары нәтиже тіркеді. Аделаида 3 алтын мен 1 күміс еншілесе, София 4 алтын, 1 күміс жеңіп алды.
Ғаламат жетістікке жеткен қос аруды да Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері даярлаған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
03.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 17
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 91
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 91
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 93
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 65

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1313
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7357
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11225
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7410
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7563