ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
 
Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 300 орындық жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашев пен Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев қатысып, оқушылар мен мұғалімдерге сәттілік тіледі. Возможно, это изображение 10 человек, люди учатся и детская игрушка
Білім ордасында заманауи пән кабинеттері мен компьютер, мультимедиа, лингафон сыныптары мен спорт залы да қарастырылған. Бұл осында білім алатын 454 оқушының өз білімдерін тереңдетуіне зор мүмкіндік береді. Түркістан қаласындағы Әмір Темір атындағы №3жалпы білім беретін мектебінің негізі 1948 жылы салынған, 1 қабатты ескі ғимарат болған. Апатты деп танылған білім ордасының орнына жаңа 3 қабатты ғимарат салынып, оқушылар игілігіне пайдалануға берілді. Нет описания фото.
Жалпы мектеп оқу ғимараты типтік жобамен салынған. Ғимарат ішінде 20 оқу кабинеті бар, Оның ішінде: 2 компьютер кабинеті, 2 мультимедиа, 3 лингафон кабинеті және спорт зал, асхана, кітапхана, медпункт, егу кабинеттері қарастырылған. Жаңа білім ұясы 2 ауысымда жұмыс істейді, 60 мұғалім дәріс береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 07.05.2024 21
ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 98
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 100
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 104
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 74

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1321
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7365
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11233
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7418
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7571