ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЦИЯНЫҢ «ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ» МЕН ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЦИЯНЫҢ «ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ» МЕН ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысының орталығы жаңа ғимараттармен толықты. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Еркін Ботақанов пен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысының полиция департаментінде болып, «қызмет орталығының» ашылу салтанатына қатысты.
Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов екі қабаттан тұратын ғимаратты толығымен таныстырып шықты.
«Мұнда анықтама бөлімі, күту залы мен полицияның қызмет көрсету орындары бар. Күту залында отырып келушілердің теледидар қарауына, газет- журнал оқуына және ыстық кофе, сусын ішуіне мүмкіндік бар. Сондай-ақ бейнебақылау камераларымен, интернетпен, заманауи құрал-жабдықтармен және кеңсе жиһаздарымен жабдықталған. Орталық тұрғындарға түрлі бағытта қызмет көрсетіп, халықтың полицияға қатысты сұрақтары жедел қаралатын болады», деп атап өтті генерал. Возможно, это изображение 3 человека
Бір мезетте 50 адамға қызмет көрсете алатын орталықта
мүмкіндігі шектеулі жандар мен егде жастағыларға да жағдай жасалған. Олар екінші қабаттағы мамандарға көтерілмей, бірінші қабаттағы арнайы бөлмеден бірден қызметін алуына болады. Онда 10-нан астам полиция қызметкері, яғни көші-қон, әкімшілік, жергілікті полиция салалары мен басқа да мамандар қызметтерді ұйымдастырумен қатар кеңестер де береді. Возможно, это изображение 11 человек, саксофон, гобой, кларнет и труба
Орталықтың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен танысып, қызметтік бөлмелерді қарап шыққан Еркін Ботақанов өзінің оң бағасын беріп, мұндай орталық ашудағы мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету, азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беру, облыс тұрғындары мен қонақтарына сауатты консультациялық көмек көрсету екендігін атап айтты.Возможно, это изображение 2 человека и текст
Осы күні Түркістандағы Ұлттық ұланның ғимаратының да ашылу салтанаты өтті. Облыс әкімі Ішкі істер министрлігі өкілдері мен әскерилерді құттықтады.
– Қылмысқа қарсы күресуде және алдын алу барысында полиция қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсету – маңызды мәселе. Былтыр облыс орталығында Полиция депертаментінің және Жедел басқару орталығының ғимараттары пайдалануға берілді. Ал бүгін ашылған Ұлттық ұлан ғимаратында асхана, дене шынықтыру залы, казарма, қару-жарақ қоймасы, дәрігерлік пункт, тирмен қамтамасыз етілген. Ғимаратта сарбаздарға тиісті жағдай жасалған. Осы жылы Полиция қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 19,3 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы тәртіп сақшылары 30 жеңіл автокөлікпен қамтылды. Облыс әкімдігі сіздерге тұрақты қолдау көрсетеді. Жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! – деді Дархан Сатыбалды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Еркін Ботақанов қоғамдық тәртіпті, ел тыныштығын сақтау маңызды екеніне тоқталып, әскери бөлімшенің жұмысына сәттілік тіледі. Возможно, это изображение 15 человек
Айта кетейік, аталған нысанға тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы. 2021 жылы басталған жұмыстар 2023 жылы қазанда аяқталған. Мұнда Ұлттық ұланның №6506 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы 3-жедел батальонының жеке құрамы орналасқан. Олар Түркістан облысының тәртіп сақшыларымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосып келеді.Возможно, это изображение 5 человек
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 174
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 169
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 679
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 799
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 713

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474