ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Түркістан 25 қазан – Республика күніне орай «Түркістанға тарту» жобасы аясында жастар арасында облыстық спартакиада өтті. Іс-шараның ашылу салатанатына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев, Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Нұржан Делишов қатысты.
Жастардың спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған облыстық спартакиадаға аудан, қалалық жастар орталықтарының мамандары қатысып, өзара бақ сынады. Жастардың физикалық белсенділігі мен командалық рухы сыналған бәсекеге қатысушылар спорттың 6 түрінен, атап айтқанда, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, үстел теннисі, белтемірге тартылу және волейболдан өзара сынға түсті.
Командалық есеп бойынша оқ бойы озып шыққан Төлеби ауданы I орынды иеленсе, Қазығұрт ауданы II орынды қанжығалады. Ал Сауран ауданына III орын бұйырды. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, аталған шараны облыстық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен Сарыағаш және Жетісай аудандық Жастар ресурстық орталықтары ұйымдастырған. Мереке қарсаңында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
22.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

«Осындай әулиеге де орын  таппадық...»
Қажымұқан Ғабдолла - 16.10.2025 23
Еуразия тарихындағы қазақ мемлекеті және Ақпан батыр
Самат ӨТЕНИЯЗОВ, т.ғ.к. әл-Фараби және Мадрид университеттерінің профессоры - 16.10.2025 21
Халқының Нұрғисасына деген махаббаты
Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА - 16.10.2025 22
Абаттандыру мен әлеуметтік мәселе назарда болады
Арайлы жақсылық, Жамбыл облысы - 16.10.2025 43
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 62
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 60

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18755
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18618
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33787
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32331
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36134