Түркиядағы кездесу үмітті ақтамады

Түркиядағы кездесу үмітті ақтамады

Геосаясаттың тұздығына айналған орыс-украин соғысының соңы немен аяқталары әлі белгісіз болып қалды. 17 мамыр күні Түркияда өтетін кездесуге Ресей Президенті Путин қатысады деген дақпырт шыққан еді. Алайда орысбасы Анкараға өзі бармай, өкілдерін жіберді. Ресейден баратын делегацияның құрамы белгілі болғанда, біраз сарапшылар «бұл кездесуден ешқандай жаңалық шықпайды» деп болжаған болатын. Күдік расқа айналды. Ресей қасарысқан бетінен танбайтындығын көрсетті. Бір біткен шаруа, екі жақтың өкілдері өзара тұтқындар алмасатын болып келісіп қайтты. Дегенмен Стамбұлдағы бұл кездесу 2022 жылдың ақпанында соғыс басталғаннан кейінгі алғаш рет екі тараптың өкілдерінің бетпе-бет өткен келіссөзі ретінде қалды.

2022 жылғы алғаш соғыс өрті тұтанғаннан кейін халықаралық қауымдастық жан-жақтан арашаға кірісіп жатқан қысылтаяң шақтарда, бірнеше реткі келіссөздер Түркияда өткен еді. Осылайша алыстағы түрік бауырларымыз әлемдегі ең маңызды геосаяси қақтығыстарды шешуге деген айрықша талпынысын дәлелдеген болатын. Ал, осы жолы жауласқан екі елдің басшылары Анкарада бас қосып, соғысты тоқтату туралы келісімге келер болса, бұл Түркия үшін аса үлкен дипломатиялық жеңіс болар еді. Өкінішке қарай, Мәскеудің мінезі жібімеген күйі қалды да бүкіл әлем күткен бір үміт, селге кеткендей болды.

Бұдан кейінгі жұрт күткен жаңалықтың бірі 19 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен екі сағаттан астам сөйлесуі болды. Трамп жақсы лепесін аяған жоқ. Ол Мәскеу мен Киев төрт жылға созылған қанды қырғынды тоқтату үшін «келіссөздерді дереу бастайды» деп сендірді. 

Осы телефондағы әңгімеден кейін Путин да пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату жолындағы талпыныстардың «дұрыс жолда» келе жатқандығын білдіріп, Мәскеудің Украинамен болашақ бейбіт келісім жасау үшін өзара түсіністік туралы меморандум бойынша жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Путин Ресей мен Украина арасындағы тікелей диалогты қалпына келтіруді қолдағаны үшін Трампқа алғыс айтты және Трамп Ресейдің бейбітшілікті қолдайтынын атап өтті, бірақ негізгі мәселе бейбітшілік үдерісін қалай ілгерілетуде екенін айтты.

Путин Сочи курортының маңында журналистерге сұхбат берді. 

«Біз АҚШ президентімен Ресейдің Украина тарапына бітімгершілік қағидаттары мен ықтимал бітімгершілік келісімнің мерзімдері сияқты бірқатар ұстанымдарды анықтайтын бітімгершілік келісімі бойынша түсіністік меморандумын ұсынуға және жұмыс істеуге келістік», – деген. Путин сонымен қоса тиісті келісімге қол жеткізілген жағдайда атысты тоқтату мүмкін болатынын айтып, Ресей мен Украинаның тікелей келіссөздері «жалпы бағыттың дұрыс екеніне сенуге негіз береді» деді.

«Ресейдің ұстанымы тұтастай айқын екенін атап өткім келеді. Біз үшін дағдарыстың түпкі себептерін жою өте маңызды. Біз тек бейбітшілікті ілгерілетудің ең тиімді жолын анықтауымыз керек», – деді Путин.

Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері сейсенбі күні таңертең Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдемесіне сілтеме жасап, Мәскеу өзінің келесі қадамдары туралы асықпайды деп мәлімдеді.

 

PS: Мәскеу қазірге дейін соғысты тоқтатудың алғы шарты ретінде өздері басып алған Украинаның төрт бірдей облысын Ресей құрамына қосу, Қырым түбегінің Ресейге тиесілі аймақ екендігін мойындау сынды бірқатар шарттарынан танған жоқ. Ал, АҚШ-тың санкциялары мен Трамптың талпыныстары Путинді райынан қайтара алады дегенге қазір жұрт күмәнмен қарайтын күйге жеткені анық еді. Путин мен Трамптың екі сағаттай телефонмен сөйлескенінде де нақты келісім жасалған жоқ. Кім білсін, осы әңгімеден кейін Украина тағдыры шешіліп, оң шешімге келер деген үміт те жоқ емес.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ

 

22.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 87
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 81
РУАНДА – ЕЛІМІЗДІҢ АФРИКАДАҒЫ ДОСЫ
Нағашыбай Қабылбек - 28.05.2025 57
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 81
РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – ҰЛТ ҚУАТЫ
Ш.МЕКЕНБАЙ, Түркістан облысы - 28.05.2025 75
ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 87
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 81
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 81
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 277
Бөлінген қаржы қаңғыбас иттен құтқара ма?
Қарлығаш ШАҢҒАРАҚШЫ - 23.05.2025 304
Жәнияның   алтын медалі
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 22.05.2025 280

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13175
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13155
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28273
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 26962
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30449