UFC: Шавкат Рахмонов –турнир кешінің үздігі

UFC:   Шавкат Рахмонов –турнир кешінің үздігі

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC Vegas 57 турнирінің қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін 50 000 доллар сыйақының иегерлерінің бірі болды.  Америкалық Джош Пэрисиан мен бразилиялық Тиаго Мойзес те осы кештің үздік өнері үшін жүлдесін жеңіп алды. Ал Арман Царукян мен Матеуш Гамрот арасындағы жекпе-жек кештің ең  үздік кездесуі деп танылды.  UFC Vegas 57 турнирінде 27 жастағы Шавкат Рахмонов (16-0) екінші раундтың аяқталуына екі секунд қалғанда америкалық Нил Магниді (26-10) қылқындырып, қарсыласты жеңілісін мойындауға мәжбүр етті. Осылайша, Шавкат UFC-дағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Осы жекпе-жекке қатысты пікір білдірген жеңімпаз: «Мен әрқашан да айқасты мерзімінен бұрын аяқтауға тырысамын, сондықтан адамдар мені жеңіске тез жеткісі келеді деп ойлайды. Бірақ олай емес. Мен жай ғана өз мүмкіндігімді, ұрымтал сәтті күтемін. Өзімнің келесі қарсыласым ретінде 39 жастағы ММА спортының ардагері Стивен Томпсонды көргім келеді», – деді.

Осы турнир кешінде өнер көрсеткен екінші бір файтеріміз аса жеңіл салмақтағы Сергей Морозов та UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. UFC Vegas 57 турнирінің бастапқы кардында ол бразилиялық Раулиан Пайвамен кездесті. Кездесу үш раундқа созылды. MMA Junkie сарапшыларының пікірінше, бірінші раундта бразилиялық мықты болса, қалған екі раундта Морозов басымдық танытқан.  Төрешілер есебінде де осындай нәтиже тіркелді, яғни үш арбитр де жеңісті 29:28 есебімен қазақстандыққа берді.  Осылайша, Сергей Морозов өз мансабында 18-і рет жеңді, одан бөлек бес жеңілісі бар. UFC-де екі рет жеңіп, екі мәрте жеңілген. Ал Пайваның рекордында 21 жеңіс пен 5 жеңіліс бар. Пайва бұған дейін қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген еді.

Ермек Сахариев
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678