Талас ауданында су айдындарында шомылу кезінде қайғылы оқиғаларды алдын алу
бойынша Көктал ауылдық округінің «Пионер» су айдындарында шомылу кезінде қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында Жамбыл су қоймалары КММ мекемесінің Талас, Сарысу бөлімшесінің инженер гидротехнигімен бірлесе отырып кеңінен үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
–Судың температурасы +18 °С, ал ауа +20 °С төмен емес жағдайда шомылған абзал. Суға 3-5 рет 10-15 минуттан артық шомылмаған жөн. Суға тамақ ішкеннен кейін 1,5-2 сағаттан өткен соң барып шомылыңыз.
–Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыз. Мұндай су қоймаларда керек жағдайда көмек көрсететін құтқарушылар бар. Ал шомылуға тыйым салынған және тексерілмеген су қоймаларда жарақаттайтын және өмірге қауіпті иірімдер, терең шұңқырлар, қалың балдырлар, қатты ағыс болуы мүмкін;
– Мас күйде шомылмаңыз. Бұл суда қайтыс болудың бірден –бір себебі.
–Қараңғы уақыт мезгілінде жалғыз шомылмаңыз – қараңғыда бағытты жоғалтып, жағалаудан алыс жүзіп кетуіңіз мүмкін.