Үй алу үшін ажырасатындар көбейген

Үй алу үшін ажырасатындар көбейген

Астана қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова толық емес отбасыларға берілетін ипотеканың шарттары неге өзгергенін түсіндірді. «Бақсам, бақа екен» демекші, адам баласынан қулық артылған ба, баспана кезегіне тұру үшін ажырасуға баратындар көбейіпті.

«Біз қарыз берудің үш жылдық қорытындысына талдау жасадық және кейінгі төрт жылда «толық емес отбасы» санатының аса жоғары қарқынмен өсіп келе жатқанын көрдік. Өкінішке қарай, Қазақстанда отбасы құндылықтарының дамып жатқанына қарамастан, 2017 жылы 54 626 ажырасу тіркелген. 2018 жылы олардың саны 54 797-ге дейін өсіп, 2019 жылы 59 796- ға жетті. Ажырасуға өтініш беру «COVID-19» пандемиясы кезінде қиынырақ болып, ажырасу саны 48 мыңға дейін қысқарды. 2021 жылы бұл сан қайтадан өсіп, 48239-ға жетті», – деді ол брифингте.

Оның пайымдауынша, баспана кезегіне тұру үшін жалған ажырасуға баратындар саны көбейген. Осыны ескерген Үкімет арнайы қаулы қабылдап отыр.

«Толық емес отбасы» бағыты бойынша ажырасу туралы куәлік өткізгендер көп. 23 қыркүйекте Үкімет қаулысы аясында «толық емес отбасылар» санатын «Шаңырақ – 5-10-10» жобасына ауыстыру ұсынысы қолдау тапты. Мұндағы айырмашылық сыйақы мөлшерлемесіне қатысты. Әр отбасы деңгейінде айырмашылық шамамен 30 мың теңгедей болатын шығар. Мысалы, берешек 15 млн теңге болса, «Бақытты отбасы» бойынша несие алғандар алғашқы 8 жылда ай сайын 80623 теңгеден, 50% сома жиналғаннан кейін 63344 теңгеден төлейді. «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша «толық емес отбасы» дәл сондай пәтерді сәл жоғары төлеммен сатып алады. Яғни ол алғашқы 8 жылда ай сайын 116 500 теңгеден, кейін 73 983 теңгеден төлейді», – деді Ләззат Ибрагимова.  

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 137
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 329
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 322
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 945

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9018
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8414
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11641
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9397
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10624