Үкімет басшысының мұнысы несі?

Үкімет   басшысының  мұнысы несі?

26 қыркүйек күні Премьер-министр Әлихан Смайылов көші-қон мәселелері жөнінде кеңес өткізді.  Онда Ресей Федерациясынан келушілер санының артуына қатысты қалыптасып отырған ахуал талқыланды. Алайда Үкімет басшысының «Елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту, сондай-ақ келіп жатқан ресейліктерге жәрдем көрсету керек: ЕАЭО заңнамасына сәйкес оларды уақытылы тіркеп, еңбекпен қамту мәселелерін қарастыру қажет. Бұл орайда жалға берілетін тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдау маңызды» деген сөзі кей азаматтардың ашуын туғызуда.  

Журналист Ержан Жаубай: «Кешегі Әлихан Смайыловтың сөзіне несіне күйіп-пісесіздер? Естеріңізде болса, Тоқаев Путинге қарсы қарап отырып, «ЛНР мен ДНР-ды мойындамаймыз» деген еді ғой. Ел еңсесі бір көтеріліп, қопаңдап қалғанбыз. Алайда артынша, Мемлекет басшысы тіл мәселесін, елдік мәселені қозғағандарды «популистер» деген, тіпті өз Жолдауында мектептерде орыс тілі қазақ тілімен қатар оқытылуы керектігін айтты. Бұл – Тоқаевтың Сочидағы сөзіне жауабы еді. Ал кеше ғана таңертең СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның «ЛНР» мен «ДНР»-ға қатысты ресми ұстанымын жариялаған болатын. Ал кешке Әлихан Смайылов Ресейден ағылған орыстарға көмектесіп, жұмыспен қамтуды тапсырды. Бұл – Қазақстан билігінің таңертең жасаған мәлімдемесіне кешке берген жауабы еді» деп түйреп өтіпті.

Депутат Қазыбек Иса: «Қайран, Әлихан деген алаш көсемінің ардақты аты-ай!?» деп күйзелісін білдіріпті. Журналист Бейсен Ахметұлы: «Енді босқындарға Президенттік сайлауға дауыс беру құқын беру ғана қалды. Аспаннан іздегені аяқ астынан табылды» деп жазды.

Мадияр Аймурза атты азаматтың Үкімет басшысына басты сауалымен сөзді түйіндемекпіз: «Далада қалған студенттер, көпбалалы аналар, тұрғын үйге қол жеткізе алмай отырған жас отбасылары, мүгедектер мен жұмыссыздардың мәселесі шешілді ме?

Өз азаматтарымыз еңбекпен қамтылып, тұрғын үй берілді ме? Ата Заңымызға сәйкес мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары қорғалып жатыр ма?

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 326
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 949

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9024
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8420
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11648
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9404
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10630