ҰЛТ АТЫМЕН СӨЗ ӨТЕДІ

ҰЛТ АТЫМЕН СӨЗ ӨТЕДІ

Ата-бабамыз ұлттың мықтылығын, қазіргі тілмен айтқанда, сапасын лайықты суреттеп, мақтана білген. Өлеңге де, әнге де қосқан. Ол заманда да қоғам кемшіліксіз болмаған шығар-ау, бірақ кімнің кім екенін көрсетіп, болашаққа қажетті бірлікті ақысыз-пұлсыз насихаттай білді. Аты тарихта қалған  жыраулар мен ақындарымыздың әруағы разы болсын! Мысалы, Сүйінбай бабамыздың қырғыз Қатағанмен айтысының өзі неге тұрады? Ұрпақтан ұрпаққа мирас болған сөздерінде қаншама рух, алапат күш-қуат пен сұрапыл ерік-жігер жатыр.

Үлгі тұтқандар әлі ешкімге есе жібермей келе жатқаны да аян.

Әрине, ол үшін өткенді ғана білу аз, бүгінгіні де електен өткізіп, келер күнге үміт арту қажет.

Айтар сөз, атқарылар іс сапалы, есте қалатындай болғаны мақұл. Ең бастысы - сөз бен істің арасы алшақ болмауға тиіс. 

Мінез-құлқымыз, тәртібіміз, дәстүріміз ғана емес, мың құбылып тұрған әлемдік бәсекеде табар табысымыз, қол жеткізер жетістігіміз ұлттық намысқа байлануы шарт. Сонда ғана ұлттық тарихи сана-сезім жаңғырады. Ал сапа бәйгесінде ұсақ-түйек болмайды. Жүректен шыққан ниеттен, айтылған сөзден және өндірген өнімнен, ұсынған қызметтен - бәрі-бәрінен тәрбие, білім, біліктілік сапасы көрініп тұрады. 

Тұтас алғанда, адал азаматтар, олар ұстанған құндылықтар ғана емес, еліміздің әлемдік қауымдастықтағы мәртебесі, орны, Қазақстан атауы сынға, безбенге түседі. Осыны ешқашанда естен шығаруға болмайды. 

Мәселен, қарапайым тұрмыста, тіршілікте күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерін алайық.

Қостанай атымен - нан, Алтай атымен - бал, Атырау атымен - балық, Алматы атымен - апорт (алма), Мырзашөл атымен - қауын, Шу, Қаражантақ атымен - қарбыз, Қызылорда атымен - күріш, Шымкент атымен - кәуап пен палау, Ақтөбе атымен - ақ тары, Жаңаарқа, Диханкөл  атымен қымыз өтеді.

Бұл тізімді үздіксіз жалғастыра беруге болады. Өйткені, елімізде өндірілетін өнім сапасына халық - сыншы, яғни әрбір тұтынушы - төреші. Оның сыртында қаншама адамдардың еңбегі, жұмыс жүйесі, технологиясы, жаңашылдығы, табысы, құқығы тұр. Сондықтан, қисынды сұрау салуды, тізім толықтыруды тиісті мамандарға, талапкерлер мен жарнамаға жаны жақындарға қалдыра тұрайық. 

Біздің айтпағымыз басқа. Ол -  ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыруға септесу, зерделі, зиялы кадрларға жол ашу, олардың білімі мен білігіне маңыз беру ісі. Өйткені азаматтарымыз, қандастарымыз қай елде, қандай жерде, қандай деңгейде қызмет етсе де халқымыздың атына, ары мен абыройына, еліміздің атына, өресіне, беделіне сын болмақ. 

Ұлт атымен сөзіміз өтеді. Басты рәмізіміз - гимн авторларының бірі, талантты ақын Жұмекен Нәжімеденов:

“Бөз өтеді деседі маталардың атымен, сөз өтеді деседі аталардың атымен.

Таудың атын қойып ап титтей төбе-үрпекке, түйе қылып түймесін өткізіп жүр жұрт ептеп…” деп, осыны меңзесе керек. Әрине, бұл - ақын жүрегінің байқағыштығы, әділдігі әрі көрегендігі. 

Өйткені, “ептеп жүргендер” яки әлдекімнің арқасында билікке қол жеткізгендер қазір де баршылық. Әділетті қоғам құруға бел буған кезеңде мұндай қадамға жол беруге мүлдем болмайды. Тіпті, қызметтік әдеп бойынша қатаң тыйым салу керек. Адамгершілік құндылығы жайындағы әйгілі “Құтты білік” шығармасының авторы, ойшыл Жүсіп Баласағұн: “Мемлекеттен бастап, кез келген мекемені ізгі адам басқаруы керек” деп өсиет те қалдырған екен.

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Президент: 

"Арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады” деді. 

Сондықтан, мемлекеттік кез келген құрылымда, мекемеде, ұйымда арлы адамды іріктеудің өзіндіік жауапкершілігін белгілеген жөн деп санаймыз. Бұл соңғы кезде жаппай белең алған дерт -  кадр тұрақсыздығына тосқауыл қояры сөзсіз. Жастардың үмітін оятуға түрткі болады. Сондай-ақ оларды уақытша емес, тұрақты жұмыспен қамтуды әкімдіктерге, ірі өндірістік орындарына, түрлі секторлардағы мекемелерге есептік көрсеткіш ретінде енгізу өз нәтижесін берері анық.

Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолында біз ұлыс ұстыны ретінде адал еңбекті ұсынар едік. Ешкімді бейжай қалдырмайтын адал еңбек адал азаматтардың мәртебесін көтереді, өндірген өніммен ғана емес, туған елімен мақтанатын дәрежеге жеткізеді.

Дархан МЫҢБАЙ
31.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281