ҰЛТ ҰСТАЗЫНА АРНАЛҒАН КЕШ

ҰЛТ ҰСТАЗЫНА АРНАЛҒАН КЕШ

 

 

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет тәуелсіздік жағдайында ұлттық сананы қайта жаңғыртуға және жаһандану өзгерістеріне бейімдеуге жалпыұлттық тұрғыдан басымдық беріп отыр» деген болатын. Ұлттық сананы жаңғыру мен жаһандануға, болмысты сақтап бейімделуде Ахмет Байтұрсынұлының тарихи қызметі мен мұрасының маңызы зор. Рухани көсемнің ЮНЕСКО көлемінде тойланған 150 жылдық мерейтойы елдігімізді төрткүл дүниеге танытты. Жақында Амангелді атындағы орта мектепте «Ахмет-сөз көсемі» атты тақырыпта тарихи кеш өтті.
Алдымен Ахмет Байтұрсынұлының өміріне арналған бейнеролик көрсетілді. Одан соң ұлы тұлғаның оқу-ағарту саласына қосқан үлесі, аудармашылығы, ғылыми-зерттеу еңбектері, тұлғаның ұрпақ үшін жасаған ауқымды істері,  шығармашылығы, кітаптары және өмірінен кеңінен мағлұмат берілді.


Ұлтқа қызмет етудің үздік үлгісін көрсеткен Ахмет Байтұрсынұлының  өмірбаяны туралы 11-сынып оқушысы Жақсылық Әділет терең мағыналы баяндама жасады. Баяндамашы кемеңгер тұлғаның өміржолына, еліне сіңірген еңбегіне, осы жолда көрген қиыншылықтарына тоқталды. Ахмет Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап араб әліпбиін қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, ыңғайластыруды қолға алғаны, ғалым реформалаған әліпби 1912 жылдан бастап қолданысқа енгені, сол әліпби негізінде тұңғыш «Әліппе» оқулығы жарыққа шыққандығы жөнінде кеңінен ақпарат берді. Әрмен қарай А.Байтұрсынұлының өлеңдері мен шығармаларын 6-сынып оқушылары Дулат Әбдімәлік, Алуа Үсен, 5-сынып оқушылары  Жұлдызай Дүкенбай, Анель Әлімхан, Асылай Әмірбек, Нұрай Марат, Ұлжан Қалдыбек  мәнеріне келтіріп оқыды.
Тарихи кеш барысында халқымыздың ұлы тұлғасының қамаққа алынған сәтінен көрініс көпшілік назарына ұсынылды. Ахмет рөлін 11-сынып оқушысы Бекарыс Қайратұлы, зайыбы Бәдрисафаны Анелья Кеңесбай,  тергеушіні Расул Баймұратұлы, сақшылар рөлін Алмаз Мырзакерім мен Әділет Жақсылық  шебер сомдап шықты.
Бұдан бөлек, Ахмет Байтұрсынұлының ұлтшылдығы, өз халқына адалдығы, сөз өнерінің терең меңгергеніне қатысты тақырыптық бөлімдерге құралған сұрақтарға 11-сынып оқушылары Қазына Жетпісбай, Аружан Баймаханбет, Нұрдана Мақсутова, Қазбек Мақұлбек, Айсұлу Дарханқызы жылдам, нақты жауап берді.
Жалпы тарихи кешке қатысқан 5-6 және 11-сынып оқушылары  ұлы тұлғаның ұлт өркениетіне қосқан үлесі, ақындық сипаты, ұстаздық тағылымына үлкен екпін бере отырып, ұлы тұлғаға қарап ой түзеу, оның мұрасына жиірек үңілу, Жаңа Қазақстанды құру жолындағы тұғырлы тұлғалардың тағылымынан нәр алудың маңыздылығын ұғынды.

 

 

 

 

Назым МАЖЕНОВА, тарих пәнінің мұғалімі. Көкбастау ауылы.
20.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 147
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 292
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 508
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 465

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9165
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8563
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11791
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9559
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10771