Ұлттық кеңес құрамы жаңарды

Ұлттық кеңес құрамы жаңарды

ҚР Президентінің сайты 1 ақпан күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабардар етті. Онда ҰҚСК-нің құрамындағы өзгерістер туралы айтылды. Ұлттық кеңестің құрамына жұртшылықтың жаңа өкілдері – Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының директоры, Петропавл қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Худяков, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Индира Рыстина, белгілі қаржыгер Расул Рысмамбетовтер енді.Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан Александр Данилов, Лаура Демесінова, Абылай Мырзахметов және Асқар Омаров шығарылды.

Ұлттық кеңес құрылғалы бері құрамының жартысы өзгертілді және оның жұмысына жаңадан 20-дан астам сарапшы мен қоғам белсенділері тартылды.

Қазіргі уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жетінші отырысына дайындық жүргізілуде», – деп хабарлайды «akorda.kz» сайты.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4141
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19075
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17747
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21176