Ұлттық музейде «Дәуір бейнесі»

Ұлттық музейде  «Дәуір бейнесі»
Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке баулу – аға буынға аманат.  Қай салада жүрсе де еңбек адамын дәріптеу – ұлылықтың белгісі.  Ұлттық музейде «Нағыбек Нұрмұхаммедов палитрасындағы дәуір бейнесі» атты көрме өтті. Суретшінің шығармашылығының дені еңбек адамын насихаттау. Сол арқылы өз дәуірінің тыныс-тіршілігін көрсетуге күш салғаны байқалады.

 

12 қараша күні «Нағымбек Нұрмұхаммедов палитрасындағы дәуір бейнесі» атты  көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл іс-шара кескіндемеші, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР-інің халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылып, суретші шығармашылығын ұлықтауға арналды.

Экспозицияға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Н. Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркем сурет музейі, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі мен Солтүстік Қазақстан музей бірлестігінің қорынан суретшінің 50-ге жуық туындысы қойылды. Көрме «Туған жер пейзаждары» және «Еңбек және абырой: еңбек адамдарының портреттері» атты екі бөлімнен тұрады. 

Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің экскурсия жүргізушісі Дилара Қайдар:

«Бүгінгі өтіп жатқан іс-шараға Павлодар өңіріндегі біздің мұражайдан 31 туынды әкелінді. Суретші жұмыстары тақырып және жанр жағынан алуан түрлілігі мен ауқымдылығымен ерекшеленеді. Байқасаңыздар, көбіне еңбек ерлерінің, мәдениет  пен ғылым салаларының ұлы тұлғаларының портреттері ұсынылған. Әр кейіпкерінің тұлғалық мінезін қылқалам көмегімен керемет бейнелей алған. Мысалы, суретшінің ерекше туындыларының бірі «Шопандар әңгімесі» суретінде тың және тың игеру жылдарындағы мәселелерді талқылауы, өзара келіспеушілік сәттерін керемет көрсеткен». 

Салтанатты іс-шараға жиналғандар «қылқалам шебері өнері де, өмірі де өскелең ұрпаққа өнеге» деп еске алды. Көрмені тамашалуға келген көрермендер суретші шығармашылығымен етене танысып, өз ойларымен бөлісті.

Клара Жарасова, көрермен: 

«Суретші туындыларынан өз ісіне деген махаббатты байқадым. Көбіне халықтың рухани дүниесін, тұрмыс-тіршілігін, қазақ халқының тарихи оқиғаларын бейнелеген екен. Сол арқылы сол дәуірдің еңбек адамдарына деген құрметін тануға, сол заманның бейнесін сезінуге болады. Мен өзім Қарағандының тумасы болғандықтан, көрмеде ұсынылған пейзаждардан өңірімнің мәдени ошақтарын, тұлғаларын таныдым».

Сонымен қатар көрмеде Нағымбек Нұрмұхаммедовтың өнертану бойынша бірқатар ғылыми еңбектері мен бірнеше альбомдары, мақалалары ұсынылды.

Саяжан Қайдар
22.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 505
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 602
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 609
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 602
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 606
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 382

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11691
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10621
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13854
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12812
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17816