Көшелерге атау беру логистиканы жақсартуға ықпал етеді

Көшелерге   атау беру   логистиканы   жақсартуға   ықпал етеді

Алматы қаласында бұрын атауы болмаған көшелерге атау беру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Қалалық топонимиканы жаңарту жұмыстары тарихи жадыны сақтау, ұлттық бірегейлікті нығайту және мегаполис тұрғындары үшін ыңғайлы мекенжай жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жалпы қала бойынша бұрын атауы болмаған 156 көшеге атау берілді.

«Әр ауданда тұрғындарға мекенжай мен тіркеу мәселесінде қолайсыздық тудыратын көшелерді анықтап жатамыз. Біз олардың тізімін жасап, тиісті органдарға ұсынамыз. Көшелерге атау беру кезінде негізінен қазақ топонимдері – жергілікті табиғи және географиялық ерекшеліктерді бейнелейтін атаулар, сондай-ақ көрнекті тарихи тұлғалардың есімдері пайдаланылады. Бізде Алматы қаласынан шыққан және қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар қамтылған республикалық тізім бар. Осы ұсыныстар жергілікті ономастикалық комиссияда қаралып, кейін мәслихат пен республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі», – деді Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Бақыт Қалымбет.

 

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА
17.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 125
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 125

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18791
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18655
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33826
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32370
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36174