Ұрпақ үшін өнеге!

Ұрпақ үшін өнеге!
Құрметті Түркістан өңірінің тұрғындары!
Сіздерді еліміздің рухын оятатын қос мереке – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Ұлт қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген қанатты сөзі бар. Сол ұстанымға адал болу – баршамыздың міндетіміз!
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Тәуелсіз елімізді, Ұлы даламызды қорғау мәселесі басты міндеттердің біріне айналып, шекаралар шегенделіп, кәсіби әскердің күшімен қорғауға алынды. Бүгінде еліміз қуатты әскері бар мемлекеттер қатарында.
Отанды қорғау – әрбір азаматқа міндет және парыз. Мөде, Еділ, Күлтегін, Жошы, Бату, Абылай сынды ұлы баһадүрлердің ұрпақтарының әлсіз болуға хақы жоқ. Сондықтан 18-ден асқан ұландарымыз әскерге барып, Отанға қызмет етуге міндетті. Ал еліміздің Қарулы күштері қатарында демографиясы жоғары Түркістан облысының жастарының көп болуы – заңдылық.
Түркістан облысы бойынша былтыр 4500-дей жалынды жас әскерге аттанды. Биыл да осы көлемде өрендер әскери бөлімдерге жіберіледі. Облыста патриоттық-әскери бағыттағы жұмыстар жанданып, білім ұяларында оқушылар мен студенттерге әскери өмірдің маңызы мен артықшылығы дәріптелуде. Қоғамда әскери салаға деген қызығушылық та артып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Қадірлі жерлестер!
Еуразия кеңістігіндегі ұлы атырапты қорғап, ұрпаққа мұра етіп қалдырған қазақ халқы ежелден батырлық пен отаншылдықтың шыңына жете білген. Ерлері намысты һәм айбарлы, қыздары ақылды, өжет болған.
Батырлық пен отаншылдық ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, өмірлік дағдыға айналған. Оған ерлікке толы жылнамалар мен тарихымыздағы деректер арқылы көз жеткізуге болады.
Жұмыр жердегі қанқұйлы әрі адамзат тарихындағы ең алапат майдан – Екінші дүниежүзілік соғысында қазақ халқы шешуші рөл атқарғаны белгілі. Батыр бабаларымыз, еліміздің ержүрек жігіттері мен қайсар қыздары әлемде бейбітшілік туын желбірету үшін қан төкті. Ерлік көрсетіп Ұлы Жеңіске үлес қосты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Олардың қайсарлығы мен төзімділігінің, табандылығы мен патриоттығының арқасында бейбіт заманда өмір сүріп, жарқын болашағымызға жол аштық» деген болатын. Сондықтан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерліктерін ұрпаққа дәріптеу – ортақ міндет.
Оңтүстік өңірінен Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, тең жартысы шейіт болды. Оның ішінде 51 жауынгер Кеңес одағының батыры атанса, 8 майдангер IIIдәрежелі «Даңқ» ордені кавалері атағын алған.
Өңірде бүгінде Ұлы Отан соғысының 11 ардагері бар. Олардың денсаулығы, тұрмыс-тіршілігі мемлекет тарапынан бақылауға алынған. Биыл Жеңістің 79 жылдығына орай 11 ардагерге 1,5 млн. теңгеден материалдық көмек берілуде.
Өңірдегі ардагерлерге теңестірілген тыл ардагерлері, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 3 мыңнан астам ардагерге де құрмет көрсетіліп жатыр. Батырларымызға бір реттік материалдық көмек төлеу үшін жергілікті бюджет есебінен 176,5 млн теңге қаржы бөлінді. Облыс көлемінде ерлікті, өрлікті, батырлықты дәріптейтін іс-шаралар өтуде.
Биыл Кеңес одағының батыры, алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық қаһарманы, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. Қос қаһарманның ерлікке толы өмірі – ұрпақ үшін өнеге!
Біз ардагерлеріміздің ерлігін ұмытпаймыз және мәңгі есте сақтаймыз!
Құрметті халайық!
Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен тағы да құттықтаймын. Мемлекетіміз отаншыл, батыр, өжет, адал, айбарлы, айбынды ұрпақпен толыға берсін. Шекарамыз бүтін, аспанымыз ашық, күніміз шуақты, әскеріміз қуатты болсын! Әрдайым бейбітшілік салтанат құрып, Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін!
Дархан САТЫБАЛДЫ, Түркістан облысының әкімі
07.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 204
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 46
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 219
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 219
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 237
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 219
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 207
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 203
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 226
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 215
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 223

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10500
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9481
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12716
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11686
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16699