Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық негізі

Ұрпақтар сабақтастығы – ұлттық құндылық негізі

Ақтөбе қаласы Астана аудандық білім саласы бойынша Ардагерлер кеңесінің төрайымы Мухамбетова Жания Жарылғанқызының ұйымдастыруымен №56 орта мектебінің мәжіліс залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» және «Адал азамат» реформаларын жүзеге асыру аясында Ардагерлер қауымдастығының қосатын үлесі туралы Астана ауданындағы мектептердің ардагерлер бастауыш ұйымдарының төрағаларына арналған семинар ұйымдастырылды. 

«Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жоба жоспарындағы жеті басым бағыт мынадай:

Үлкенді құрметтеу – ұлттық дәстүр;  Отбасы құндылықтарын дәріптеу;  «Кітаппен – келешекке» (Мемлекет басшысының кітап оқу туралы бастамасы); №5 С.Я. Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері жаңа кітаптар көрмесін ұйымдастырып, пікірлерін ортаға салды; Жастар тәрбиесі;  Зиянды әдеттермен күресу жобасы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісіп, осы жобаға ардагерлердің қосатын үлесіне зор мән берілді.

Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, ризашылықтарын білдірді.

Қорытындылай келе, семинарда ардагерлердің жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызы кеңінен айтылды. Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, отбасы құндылықтарын сақтау және жастарды кітап оқуға баулу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесін өскелең ұрпаққа жеткізу – қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі. Мұндай кездесулер тәрбиелік жұмыстарды жандандырып, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Т. К. КУСНИЯЗОВ, 

Ақтөбе қаласы Астана аудандық 

Ардагерлер кеңесінің төрағасы 

 

08.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28469
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27973
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45311
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40954
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45624