Үш жақты комиссия отырысы өтті

Үш жақты комиссия отырысы өтті
«Қаратау» ТКӨК-нің басшылығына жұмыскерлері тарапынан жолданған Ұжымдық арыздағы мәселелер туралы кезекті үш жақты комиссия отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Сарысу ауданы әкімінің атына «Қаратау» ТКӨК-гі «Көксу» кенішінің жұмыскерлері тарапынан Ұжымдық арыз келіп түскенін, онда 6 бағытқа бөлінген мәселелер жеткізіліп, 10 тармақтағы тілектерін орындау талап етілгені туралы хабарлады. Өз кезегінде әр тармақ бойынша ақпараттандырып, орындау мүмкіндіктері бойынша хабарлама жасау үшін сөз компания өкілдеріне ұсынылды. Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты кешен директорының кеңесшісі Т. Мұқашовтың, кәсіподақ ұйымының төрағасы Ізбасар Маратұлының хабарламалары назарға алынды. Хабарламаларды тыңдай келе, Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Бекжан Нұрланұлы еңбек қатынастарына байланысты заңнамалар мен нұсқаулықтар бойынша міндеттемелерді түсіндірді.
Сарысу ауданы әкімдігі жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі
15.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5413
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20376
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19012
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22476