Ұяңдық пен ұялшақтық қыз балаға мін бе?

Ұяңдық пен   ұялшақтық қыз   балаға мін бе?

Өткен жолы Алматыға пойызбен бара жатып бастан кешкен бір оқиғаны айтқым келіп отыр. 

 Мен жоғарғы қабатта жатырмын. Төменгі  орында  омырауы ашық-шашық, ақ кірген шашы жалбыраған, жүзін әжім басқан, тыртитып шалбар киген   қазақ кемпір жатқан еді. Кенет телефоны шыр ете қалды. Сол-ақ екен, әжеміз «Как спала внученка, по кушала, қарның ашып қалмасын. Холодильникте все есть» деп қазақша-орысша сарнай жөнелсін. Орысшасы басым. Қазақшасы қойыртпақ.

Сізге өтірік, маған шын, тұп-тура бір сағат сөйлесті. Жұрт демалып жатыр-ау деген жоқ. Күн шамамен екіндіге ауған шақ. Әже мен немеренің сөзін тыңдап жатып: «Әй, мына түрімізбен  ұлт болып ұйысуымыз қиын-ау. Немере үшін  әже тәрбиесі маңызды. Әже – алтын діңгек қой, шіркін! Абайды Зере әжесі, Шоқанды Айғаным  әжесі  ұлттық болмысқа бейімдеді. Ұлттық рух айдынына шомылдырды. Тілдің мәйегін ішкізді.  Соның әсерінен қос перзент те қазақты сүюді, қазаққа қызмет етуді бойларына сіңірді.  Бүгінгі әженің сиқы мынау болса, жетіскен екенбіз!» – деп, терең ойға баттым.  

Байқап келемін, кемпірдің қазақшасы тәп-тәуір. Көкшетау жақтан екенін түскі шай үстінде айтқан. Сол жақта бір ауылда мұғалім болыпты. Орыс тілі мен әдебиеті маманы. Қазір зейнеткер. Жасы Президент Тоқаевпен шамалас.  

 Кешкі ас үстінде «Өзіңіз педагог екенсіз. Қазақшаңыз да жап-жақсы. Немереңізбен неге қазақ тілінде сөйлеспейсіз?  Қазақтың тілін сіз бен біз қорғамасақ, қолдамасақ, ол кімге керек?» – деп біраз пәлсапа айтып тастадым. Әжем сасар емес, маған қабағын түйіп бір қарап алды да: «Қарағым, ақылың өзіңе.  Қазақшаң кімге керек сенің? Қазақша оқығанда қайда барады?  Біріншіден, немерем қыз бала. Оқуы өте жақсы. Ағылшынша да сөйлейді. Алғашында қазақ мектебіне бергенбіз оны. Сабағы нашарлап, ұяң болып кетті. Шустрая қыз еді, сызылып қалды.  Кейін құрысын деп орыс мектебіне ауыстырдық. Сөйтіп, көзіміз ашылды. Орысша оқыған бала жерде қалмайды ешқашан. Қыз бала тем более... 

Әрине, қазақша сөйлейді. Оған шектеу қоймаймыз», – деп қарап тұр әжем. 

Не дейін, дауласқан жоқпын. Тілімді тістеп отырып қалдым. Не деген түсінік? Ұяңдық пен ұялшақтық та қыз балаға мін болғаны ма? Осы бір ұлы қасиеттің қыз балалардың бойынан жоғалып бара жатқаны  қасірет емес пе қайта?  Қайда барамыз, ағайын?!

 

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
13.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 56
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 582
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 696
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 611
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 620

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370