Ұяты жоқтардан қорқамын

Ұяты жоқтардан қорқамын

Біреудің 30 жылғы еңбегін ұрлап, жылу жинап жанын бағып жүрген жазушыға, ұры президентке дастан жазып, күн көріп жүрген ақынға, жат дінге кіріп, ұлтының өнерін де, дәстүр-салтын да сатып, биліктің астауынан ас ішіп табыс тауып отбасын асырап жүрген әншіге де мен еш ренжімеймін. Неге? 

Мен оларды түсінемін, олар өз болмысына сай өмір сүріп жатыр, басқадай өмір сүре алмайды. Жаратылысыңнан, болмысыңнан қашып құтыла алмайсың. Кім не десе о десін, олар жайлы, рахат, өз ыңғайлы аймағында «комфорт зонасында» өмір сүріп жатыр. Олар үшін бұл қалыпты, дұрыс. Ұяты қинамайды, ұйқылары тыныш, арамнан жинаған тамақтары бойына жақсы сіңеді. 

Бұндай адамдардың адамдығынан пенделігі басым, яғни саналы адам деңгейіне көтеріле алмаған. Оған олардың жаратылысы мүмкіндік бермейді. 

Оларға «әй пендем-ай» деп аяушылық көзбен ғана қарау керек. «Ендігі жұрттың сөзі – ұрлық-қарлық, саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық» деген Абай. 

Саналы адам табу да, саналы адам болып өмір сүру де оңай емес!

Ахметбек НҰРСИЛА

 

14.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29351
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28910
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46178
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41775
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46483