Велоспорт: Николя Винокуров – Қазақстан чемпионы

Велоспорт:  Николя Винокуров – Қазақстан чемпионы

Бурабай демалыс аймағында тас жолдағы велоспорттан ел чемпионаты өтті.  Мұнда еліміздің ең мықты деген шабандоздары топтық және жекелей жарыстар бойынша Қазақстан чемпионы атағы үшін таласқа түсті. Жарыстың соңғы күні Astana Qazaqstan Development Team жастар құрама командасының шабандозы Николя Винокуров (ол әйгілі Александр Винокуровтың ұлы) тас жолдағы велоспорттан 23 жасқа дейінгі шабандоздар арасында өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды. Николя 157,5 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 44 минут 16 секундта жүріп өтті. Илхан Достиев (+00:39) мәреге екінші, Өркен Сламжанов (+00:58) үшінші болып келді. Сонымен қатар Astana Qazaqstan Team шабандозы Евгений Гидич Қазақстан чемпионатының топтық жарысында жеңіске жетті. Гидич 157,5 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 43 минут 48 секундта бағындырды. Қалған жүлделі орындарды да астаналық шабандоздар иеленді. Артем Захаров мәреге екінші болып келді. Ол жеңімпаздан бір секундқа ғана қалып қойды. Ал Глеб Брусенский чемпионнан екі секундқа артта қалып, қола жүлдеге ие болды.

Ермек Сахариев
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 63
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 115
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 48
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 39

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 343
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6445
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8157
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6526
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6661