ВОЛЕЙБОЛДАН «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ВОЛЕЙБОЛДАН «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан қаласындағы «Olympic center» спорт кешенінде волейболдан жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының ХХХІІ чемпионаты аяқталды.
Елішілік додада республикадан 5 команда қатысып, тартысты ойындар өткізді. Басты мақсат - чемпионаттың алтын тәжін кию. Осы орайда жүлделі орындардан көріну үшін барлық құрама шаршы алаңда бар өнерлерін ортаға салды. Апта бойы жалғасқан чемпионаттың нәтижесінде Түркістан облысының «Тұран» командасы өз мықтылықтарын тағы да дәлелдеп, қатарынан 2-ші рет чемпион атанды. Ал Қызылорданың «Қайсар» волейболшылары күміс жүлдеге қол жеткізсе, мағыстаулықтар қола медальді қанағат етті. Ойын соңында чемпионаттың үздік ойыншылары да марапаттан тыс қалмады. Бұл номинация бойынша «Тұран» командасының талантты ойыншысы Олег Верегин «Ең үздік ойыншы» атанды. (MVP)
Айта кетейік, Сабыржан Бульдуруков жетекшілік ететін Түркістан облысының «Тұран» спорт ойын түрлері клубы биылғы маусымда ғаламат нәтижеге қол жеткізді. Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында тұрандық арулар чемпион атанса, жоғарғы лига ерлер командалары арасында да жеңістің шыңын бағындырды. Одан бөлек, волейболдан 21 жасқа дейінгі қыздары жүлделі орыннан көрініп, өңір мерейін асқақтаты. Қоса кетейік, баскетбол, гандбол чемпионаттарында да тұрандық спортшылар үздіктер қатарында тұр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
26.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 76
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 73
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 78
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 52
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 29

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1299
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7343
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11209
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7398
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7551