Халықты жалған ақпараттан қорғау үшін жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс – Алтай Көлгінов

Халықты жалған ақпараттан қорғау үшін жүйелі жұмыс атқарылуы тиіс – Алтай Көлгінов

Өңірлік мерзімді басылымдар форумына қатысқан Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов министрлікке аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер 2016 жылы Қазақстанда 2 мыңға жуық БАҚ тіркелген болса, бүгінде 5 мыңнан асты. Оның 70 пайызы баспа мен басылымдар. Бұл - медиа саласының қарқынды даму әлеуетінің ұлғайғаны мен оның болшағының зор екенін дәлелдейді. Отандық медианың әлеуетін одан әрі дамыту үшін алдымызда ауқымды міндеттер бар. Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында еліміздегі ақпараттық саясатты, жастар саясатын, азаматтық қоғаммен байланыс құралдарын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар беріп, міндеттер қойды. Осы орайда, өңірлік БАҚ-тың мәселелерін: атап айтқанда, оқырмандардың саны мен басылым таралымын қайта көбейту, қаржыландыру және техникалық жаңарту, уақытылы жеткізу мен жергілікті БАҚ-тың ахуалын жақсарту бағытында министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс істеуі керек», - деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, вице-премьер қазақстандық медиа кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

«Әр аймақтағы басылымдардың өзіндік өңірлік ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүргізу форматын қалыптастыру қажет. Сала мамандарын, білікті сарапшыларды ақпараттық түсіндіру жұмыстарына тарту маңызды. Тағы бір мәселе – отандық медиа кеңістіктің қауіпсіздігі. Елімізде зиян келтіретін жалған ақпараттан халқымызды қорғау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуы тиіс», - деп түйіндеді А.Көлгінов.

Қазақпарат
26.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 33
СУ ҮНЕМДЕУ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 61
СҮТ ӨНДІРІСІ АРТАДЫ
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 20.03.2023 59
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 172

Топ жаңалықтар

1
Сайлаудың алдын ала қорытындысы
Show more
Рауан МУТАИР - 2023-03-20 86
2
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 162
3
Онлайн марафон дәстүрге айналып келеді
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2023-03-19 159
4
Алда еліміздің болашағы үшін ең бір маңызды іс - сайлау!
Show more
Аятжан Ахметжанұлының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 170
5
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Show more
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 2023-03-18 170