«Хан Абылайдың қара жолы» жобасы жалғаса береді

«Хан Абылайдың қара жолы» жобасы жалғаса береді

Көкше өңірі, Көкшетау жері – табиғаты тамылжыған әсем өлке ғана емес. Қазақ тарихында өзіндік орны бар, әпсана аңызға толы тарихқа бай өлке. Әсіресе, Қазақ хандары, соның ішінде барша қазақтың басын қосқан ұлы хан Абылайдың ел басқарып, халыққа тұтқа болған, өсіп, өнген, қол бастаған қолбасшылығы, хандық құрған дәуірінің нақты ізі қалған тарих тұнған өңір.  Бұл жайлы Кенесары заманында өмір сүрген атақты жырау  Арыстанбай Тобылбайұлының: Сұрасаң Абылайдың тұрған жері,                                             Хан болған қырық сегіз жыл Көкшетауда, -

деген өлеңінде Абылай тарихын паш етеді. Абылай хан жоңғарды жеңіп, үш жүздің бас ханы сайланып, «Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, 

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай», - деп, 

жырлатқан мәмілегер, ел тиыштығын сақтаған көреген хан. Бұқар жырау жырлаған осы жырға сүйенсек, Абылай заманында қазақ халқының,ғасырларға созылған жорық-шапқын болған алмағайып заманнан кейін сәл тыныс тауып, мамыражай тірлік кешкен уақыттың куәсі боламыз. Амал не Ұлы хан Абылайдан соң қазақтан бақ қайтып, ақ патшаға бодан болып, қамыт киген керзаман басталғанында білеміз. Бодандыққа бас имеген, ноқтаға басы симаған Абылайдың немересі Кенесары бастаған ұлт азаттық көтеріліс ұзақ жылға созылды. « Арқада бурабайға жер жетпейді. Қазақта  Кенекеме ер жетпейді »- деп, Мағжан Жұмабаев жырлаған өңірде осы Көкшеге тиесілі.Сол замандағы тарихтың сырын ашқан,  «Хан Абылайдың қара жолы» жобасының атқарған игі істерін оқырман қауымға паш еткенді жөн көрдік. Ол жайлы төменде, сұқбат оқып, тарихпен таныс боласыздар. Көкшетаулық белгілі өлкетанушы, қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлының ұсынысымен және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылы «Абылай ханның қара жолы» атты экспедиция ұйымдастырылады. Бұл жайлы  экспедицияны ұйымдастырушы, жобаның жетекшісі Мұрат Ыдырысұлымен болған сұқбатпен танысыңыздар. 

Мұрат аға, «Абылай ханның қара жолы» атты экспедицияны  ұйымдастырудағы мақсатыңыз және бұл іске не түрткі болды.
Басты мақсат — қазақ даласының тарихи-мәдени мұрасын зерделеу. Үш жүздің басын қосқан Абылайханның ел мен жерді сақтап қалудағы теңдессіз  еңбегін елге тарихи құжаттармен дәлелдеп, насихаттау. «Абылай ханның қара жолы» атты экспедиция арқылы   саяхат, сапар жасап "Ұлы даланың ұлткөсемдерімен, олардың қазақ тарихына қалдырған өлшеусіз еңбектерін" – елге таныту үшін  ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіп, тарих алдында дәлелдеу. Бұл игі ісіміз жемісін берді. "Абылай ханның қара жолы" жобасы ел, мемлекет  тарихында өшпестей  орын алды. Бұл жобаны қолға алуға түрткі болған басты себеп. Мен мамандығым бойынша ұстазбын, ұстаз адам әр нәрсенің қыр сырын білуге құмар, ізденгіш келеді. Ауылда өстік, ауылда қызмет еттік. Туған өлкенің бір қырын білсекте, екіншісінің сырын білмедік.  Өзім туған өлкемді көп зерттеген адаммын. Осылай  жүргенде «Абылай ханның қара жолы» қызығушылығымды арттырып, бұл жолдың басы қайда, соңы қайда баратынын білуге ұмтылдым. Мәлімет жинап, ел ағаларынан сұрастырдым.

Мен Бұрынғы Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданы Сауле ауылының тумасымын. Сәуле – қазіргі Ақмола облысының Біржан сал ауданы жерінде, Абылайдың ордасы қонған Бурабайдан оңтүстік шығысқа қарай жақын жатқан, тарихы бай ауыл. Қазақтың тұңғыш педагог ғалымдарның бірі, саяси зұлмат құрбаны Шәрәпи Әлжановтың кіндік қаны тамған мекен.

Ауылдың жанында үлкен қорым бар. Осы зиратта менің туыстарым, әкем жатыр. Ауылдан шығысқа қарай 4 шақырым жерде қорым,  зират бар. Осы жерден өтетін күре жолды   Абылайдың қара жолыаталатыны жайлы көне көз қариялардан естіп білген болатынмын. Бұл маңда бірнеше ғасырлық көне қорымдарда баршылық. Бұл қорымда әулие Мұхамед-Салық молла қатарлы ел ардақтыларының бейіті бар. Дін ғұламасы Мұхаммед-Салық Тіленшіұлы қасиет қонған әулие  болыпты. Ол өзі өмірден өткенде «Абылай ханның қара жолы»  бойына жерлеуді аманаттап, ұрпақтары өсиетті  орындапты.  

Алыстан арып-шаршап келе жатқан керуендерге өз заманына сай қолайлы жағдай жасауға сол заманның адамдары ат салысқан. Сәуле аулының тұсынан өтетін маңда Бәйгөбек қажы деген жомарт адам керуен жолын бойлай құдықтар қаздырып, жолаушылар тоқтап түнейтін үйлер салған және Үлгілі ауылынан, Мамайға дейінгі жолды ат тұяғына тас батпасын деп тазалап отырған екен.  Осындай құнды деректерді естіп біле тұра қарап отыра алмадым. Жолдың ортасы болса, басымен аяғы қайда, осыны анықтауды мақсат тұтып "Абылай ханның қара жолы" жобасын тиісті орындарға таныстырып, экспедиция жасақтап, осындай игі істер атқардық. Жобаны Ақмола облысының  әкімі Ермек Боранбайұлы жан жақты қолдап, руһани, материалдық көмект ер жасап келеді. Ермек Маржықпаев әкімнің қолдауымен "Абылай ханның қара жолы" кітабының алғашқы сериясы жарық көрді. Келесі нұсқалары дайындалу үстінде.

Абылай Орта жүз, кейінірек үш жүздің бас ханы сайланып, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты реттеуде мәмілегерлік танытып, сауда қатынасын жолға қойғаны белгілі. Ресейдің Нижний Новгород қаласы маңында өтетін Макарий, Тройц, Омбы қаласындағы жәрмеңкелерге қатысып, ел аралық сауда жасаған екен. Абылай хан өз заманында Ресей, Қытай еліндегі сауда  жәрмеңкелерге қатысу үшін керуендерін жіберген. Керуенді белгілі би-батырларына бастатып сауда, шикізат, жылқы айырбастағаны туралы деректерді нақтыладық.

Басы Ресейді сібір өлкесі, Қызылжар, Тайыншамен жалғасқан Абылайдың қара жолы солтүстіктің орманды алқабын көктей өтіп, Мамай, Итемген көлдерін жиектей, Сілеті өзенінің салаларын басып, Қараөткел, Ереймен өлкесі арқылы оңтүстікпен, шығысқа қарай тармақтала ұласатыны анықталып, карта жасалды. 

Экспедиция 2018 жылдан бері 4 рет Қазақ елінің  түкпірі түкпірін аралап, ұлы хан, оның ұрпақтары, жақтастары, ел ардақтылары жайлы деректер жинап, алдын кітап етіп жарыққа шығардық. Кейінгі жал сапарлар бойынша  кітап, деректі филим дайындалуда. 

 

-Экспедицияның атқарған жұмыстары жайлы, қандай іс шаралар ұйымдастырып, жаңа деректер таптыңыздар.

Өткен жылы «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының 3 жылдық жұмысынқорытындыладық. Бұл туралы Көкшетауда «Бабалар рухына тағзым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткіздік. 

2018 жылы құрылған тарихи-зерттеу ұжымы содан бері бірнеше рет даңқты қолбасшының жүрген жолдарын нақтылап зерттеді.

 

Бірінші кезекте Абылай ханның қайтыс болған жерін таптық. Ақмола облысындағы Сәуле және Мамай ауылдары арасында Абылай хан әскері сапында жүріп,қаза болған сарбаздардың қорымын тауып, белгі орнаттық. Шейіт кеткендердің осы аумаққа жерленгенін бұрын-соңды ешкім білмепті. Жамбыл облысында Кенесары хан шайқасқан Майтөбеге ескерткіш белгі орнатылды. Қарағанды облысы Осакаровка ауданында бұрын соңды беймәлім болып келген "Шүршіт қырған" төбесінің орналасқан жері анықталып, ескі қорымда зерттеу, зерделеу жұмысы қолға алынды

Экспедиция Бетпақ даланың ортасымен өткенде,  атауы айтып тұрғандай  Бетпақдаланы ксіп өту, оңайға түспеді. Бірақ, қиналсақта құнды деректер таптық. 

Шығысқа жасаған сапарымызда Абылай ханның бастаған «Шаған» шайқасына  қатысқан рулардың таңбаларын , шейіт болған сарбаздардың қабіріне қойылған таңбалар арқылы анықтап, тариқта ізін қалдырдық. Шығысқа сапарымызда  —  Абылайдан тараған Ханқожаның ұрпағы Амангелді Нашарбеков, сонымен қатар Хан Кене мен Шоқан Уәлихановтың тікелей ұрпақтары қатысты. Осы азаматтардың айтқан мәліметтері арқылы, ұлы тұлғалардың өмірі мен қызметі жайлы бұрын-соңды беймәлім болған құнды материалдармен толықты. 

Экцпедиция биыл төртінші рет жорыққа шықан екен. Қай бағытта сапарлап, көздеген мақсаттарыңыз орындалдыма.

Биылғы сапарымыз «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылдың 12 маусымы мен 26 маусымы аралығында төртінші рет жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың 21 маусымында 12 адамнан тұратын экспедиция мүшелері, мұражай қызметкерлері, тарихшылар, зерттеушілер еліміздің батыс аймақтарын аралады. Батыстың өзгеше киелі жерлерді аралап,Маңғыстау, Атырау, Каспийжағасы, ОралЖайық, Ақтөбе, Орынбор, Қостанайөңірлерінің тарихи-рухани, мәдени өмірімен,, салт-дәстүрін зерделеп қайтты.  

Экспедицияның мақсаты Алтын Орданың 750 жылдығы, қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 150, даланың даңқты батыр қыздары Хиуаз Доспанова мен Мәншүк Мәметованың 100 жылдығын ұлықтауға арналды.Бұл сапар жайлы әңгімелессек ұзаққа созылады.Жолдың ұзындығы 8500 шақырым, уақыты 15 күнге созылды. Ең ұзақ сапар болды.  

 

Экспедиция республиканың барлық өңірін аралап, материал жинақтапты. Ел аумағындағы атқаратын жұмыстарыңызды атқарыпсыздар. Экспедицияның ендігі тағдыры не болады. Осымен тоқтайма, жалғасама. Жалғасса жобаларыңыз қалай өрбиді. 

 

Жоба тоқтамайды. Жалғаса береді. Бірақ жобаның атауы « Абылайханнан –Абыз Тоныккөке дейін» деп өзгеруі мүмкін. Себебі Монғолия жерінде жатқан, Тоныкөк, Білге қаған ескерткіштерін зертеугеде ат салыспақпыз. Алла қаласа экцпедиция жасақтап келесі жылы  Монғол жеріне аттануға ойымыз бар. Ұлы ханымыз Абылай Жонғар мемлекетін жеңгеннен кейін Қытай патшаларымен келіс сөз жүргізгені тарихтаайқын. Сондай оқиғалардың бірі Монғол жерінде өткен 1757 жылғы келіссөзге ұлы ханның өзіде қатысты деген, дерек еміс еміс естіледі. Мүмкін болса осыны нақтылау.  

Басқада нақтылайтын оқиғалар жетерлік.  Атап айтсақ  Абылай ханның басты мақсаты иен қалған Жонғория жеріне қазақты мекендету, оны иелену болды. Қазақ мемлекетінің құрамына кірген ежелгі Керей, Найман тайпаларының иелігінде болған Алтай-Сауыр, Тарбағатай, ЕренқабырғаЕртіс, Іле аңғарына қазақ тайпаларын қайта қоныстандыруға жан жақты әдіс, тәсіл қарастырғаны тарихтан мәлім.  Мәмілегер хан Шың империясымен жағымды қарым-қатынаста болуды көздеп, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай сияқты батырларын өкіл етіп, айырбас сауда жасауға Шың еліне жіберіп отырды.  Өкілдер бірнеше мәрте қытай еліне барғандығы туралы деректер көп. Қазақ тарихын зерттеген орыс ғалымы А.Левшин Абылай ханның көреген саясаты туралы, құнды жазба қалдырды. Жазбада: – Қазақ даласында айырбас сауда орындары көбейді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда жүргізілетін болса, енді Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Мұның соңғысы Абылайдың орыс өкіметінен сұрауы бойынша ашылды»-деген екен.  Бірақ Абылайханның мәмілегерлігі бұнымен шектеліп қалған жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай қытай асты. 

Шың империясы мен Қазақ хандығының арасында сауда қатынасы орнады. Сауда өркеніне сай Арқадан шығысқа, одан ары   қарай керуен жолы ашылды. Қазақ даласының әр түкпіріне тарамдаған   керуен тартып, бұйда созған осынау күре жолды «Абылайдың қара жолы» деп атау бекер емес. Бұл тарихи оқиғалар әліде зертеуді қажет етеді. Жалпы Абылайға қатысты «Абылайдың қара жолы», «Абылайдың қара қосы» деген ұғым бізге жетіп, құлаққа үйір болды. Қазақ атасының үйін қара шаңырақ, үлкен үй дейді. Олай болса «Қара» деген сөздің өзі қазақ ұғымында «қасиетті», «көне», «үлкен» деген мағнаға ие. Онда «Абылайдың қара жолы» атауы қасиетті үлкен, жалпыға айқын даңғыл жол деп, кейінгі ұрпақтың бойына сіңірсек, нұр үстіне нұр балады.

Дахан ШӨКШІР
20.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620