Хоккейдегі миллиондар кімдерге кетіп жатыр?

Хоккейдегі миллиондар кімдерге кетіп жатыр?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне барынша назар аудару қажет. Қаражат тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен қолдаудың мағынасы жоқ. Мемлекеттік бюджеттен және мемлекеттік компаниялардан миллиардтаған қаражат тиімсіз жұмсалады. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және әрине, балалар спортына басымдық беру керек» деген сөзі бүгінде іске аспай отыр. Қымбатшылық қысып, елдің экономикасы тұралып тұрғанда елордалық «Барыс» хоккей клубы ойыншыларымен ерекше келісімшарт жасасып отыр. Бұл команданы ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» қаржыландыратынын да еске сала кетейік, ал қор, әрине, Үкіметке қарасты. Яғни ондағы қаржының сұрауы болуы тиіс. «Барыс» хоккей клубы Никита Михайлис деген ойыншыға жылына 401 млн теңге төлейміз деген шешім қабылдапты. Бұл аздай, енді Линдей Вей деген шетелдік ойыншыға бір жылдық шарт ұсынып, бір жылда ол 481 млн теңге жалақы алмақшы. Айына 40 млн теңге жалақы ұсынатындай, ол қыруар қаржыны демеуші өз қалтасынан шығарып отыр ма? Бұл тек қана 2 ойыншысы, ал хоккей клубында 30-дай ойыншы бар. Осыншама жалақы төлеп, «Барыс» хоккей клубы тамаша нәтиже көрсетсе бір жөн, олай болмай тұр ғой. Одан бөлек «Барыс» хоккей клубында бірде-бір қазақ ойыншысы жоқ, ойыншысы тұрмақ құрама айналасында жүрген  жұмыскерлердің арасында  қазақты таппайсыз.  Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин екенін де айтып кеткен жөн шығар осы тұста. Экс премьер-министр биліктен кетсе де, хоккейде билігін әлі жүргізіп    жатқан секілді. Ұлтына махаббаты жоқ болса да, хоккейге деген махаббаты шарықтап тұр. Оны өзі де жасырған емес. Бұл жөнінде «Барыс» та, «Самұрық-Қазына» да не жоққа   шығармайды, не растамайды, үн-түнсіз. Күні кеше ғана өткен «Қазақстан барысының» жеңімпазы маңдай терімен бір жылда 25 млн теңге алады. Ал шетелдік хоккейшілерге ай сайын 40 млн төлеп жатыр. Бұл не масқара?!

 

Рауан МУТАИР
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 82
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 85
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 193
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 411
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 373
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 993

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9069
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8467
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11693
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9455
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10673