ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Қыс уақытында ауа райының салқындауына байланысты  тұрғын үй секторларында өрттердің саны артады. Бұл жерде ережеге сәйкес емес және дұрыс салынбаған жылыту пештері өрттердің пайда болуына негізгі себепкер болып табылады. Абырой болғанда Жетісуда жылыту маусымы басталғалы жарақат алғандар, қаза тапқандар мен ыстан улану дерегі тіркелмеді. Бұған жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ұдайы профилактикалық түсіндірме жұмыстардың жүргізуі сеп. Яғни алдын алу жұмыстардың арқасында, сондай-ақ, арнайы датчик құрылғыларын орнату арқылы статистика төмендеп келеді.

 

Сала мамандары жылыту маусымы айлығы барысында алдымен Үйтас саяжайына барды. Көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлерін аралап, түсіндіру шараларын жүргізіп жүр. Өйткені, бала-шағаның ішіп-жемін табамын деген ата-ана күндіз-түні жұмыста жүріп, балалар қараусыз қалып жатады. Осындай жалғыз басты ананың бірі – Индира Сарқытбекқызы. 3 баланың анасы. Айтуынша, осы күнге дейін пеш жағып келген ол, енді табиғи газға қосылып жатыр. Сол себепті мамандар үйіне улы газды анықтайтын датчик орнатты.

Төтеншеліктер үйлерді күнделікті аралап, өрт қауіпсіздігі жайында қысқаша түсіндіріп тұрады. Мұндағы басты мәселе – от жағу кезінде сақтық шараларын қаперден шығармау. Пештегі ақаулықтардың алдын алу. Үйдегі құдық пен пеш мұржасын уақытылы тазалап, ыс тию, иісті газдан уланып қалу қаупін болдырмау. 

– 2024-2025 жж. жылыту маусымы басталғалы Жетісу облысы аумағында жарақаттанғандар, қаза тапқандар, ыстан улану жағдайлары тіркелмеген.   Осының барлығы ТЖД полиция департаменті, жергілікті әкімдік қызметкерлері, еріктілермен бірлесе отырып күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізгеннің арқасында болып отыр. Жылыту маусымы басталар алдында, яғни 15 тамыздан 1 қазанға дейін өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілген болатын. Осы айлықтың өту барысында әлеуметтік осал топтарына 868 датчик орнату белгіленген болатын. Яғни 4919 әлеуметтік осал топта орнатылған. Қалған 868 отбасыға орнату қажет. Былай айта кеткенде облысымыздағы 5787 отбасының ішінде 5619 отбасы датчиктермен қамтылған. Қалған датчиктерді орнату жұмыстары осы қараша айының соңына дейін жалғасады, – дейді облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері  Еламан Әубәкіров. 

Жалпы, облыста 5800-ге жуық әлеуметтік осал топ бар. 130 мыңнан астам жеке тұрғын үй тіркелген. «Өрт қауіпсіздігі» айлығы барысында ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтары қамтылады. Яғни төтеншеліктер өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың тұрмыстық жағдайы, пештері мен мұржалары қандай жағдайда екенін тексереді. Егер әлеуметтік көмек қажет болған жағдайда «Көмек қол» акциясын көрсетеді. 

Уланудың негізгі белгілері – бас ауру, самайда соққылар, жүрек айну, ұйқышылдық, аз уақытқа талып қалудан бастап сал ауруларға, естен тану, тыныс алу мен ми қан айналымының бұзылуымен бірге коматозды күйге дейін болады. Ауыр жағдайлар жүректің қызметін тоқтатуы мүмкін. Зардап шеккен адамды дереу ауруханаға жатқызу қажет.

Дәрігер келгенше науқасты таза ауаға шығару керек. Кейін стационарда оттегіні ұзақ деммен қабылдау, аппаратпен жасанды тыныс алу өткізіледі; ағзаның зардап шеккен жүйелерінің тіршілік әрекетін қалпына келтіретін құралдар қолданылады.

Жылыту пешін қалай дұрыс орналастыруды тереңірек қарастырайық. Біз жылыту пешін жаққан кезде пештің қабырғалары қызып, қоршаған ауаға жылу береді,  ғимараттың конструкцияларымен жанасатын орындарында жылу беру ақырын жүреді, өйткені ол орында жылудың жинақталуы болады. Қарқынды пешті жаққан кезде, бұл орындарда жоғары температура пайда болады, ол жылыту пешіне жақын орналасқан ағаш конструкциялар мен басқа да ғимараттың жанатын элементтерін балқытады. Жоғарыда аталған жағдайды болдырмау үшін, жылыту пеші мен төбе жабуындары, қабырғалары және арқалықтың жанатын конструкциялардың арасында бос аралық қалдырылады немесе қалыңдығы 38 см-ден кем емес кірпіштен өртке қарсы аралық жасалады. Егер жанатын конструкциялары асбест қабатымен қорғалатын болса, онда өртке қарсы аралықты 25 см-ге дейін азайтуға болады.

Жылыту пешінің мұражаларын және басқа да элементтерін жылыту маусымы басталар алдында және төмендегідей мерзімдерден аз емес уақыттарда ыстан тазартып отыру керек:

1) жылыту пештері үшін – үш айда бір рет;

 2) үздіксіз жұмыс істейтін жылыту пештері – екі айда бір рет.

Асхана плиталар мен үздіксіз жанатын басқа да пештер айына бір рет ыстан тазалануы керек.

Өрттер көбінесе жылыту пешінің қабырғалары мен мұржа құбырларында пайда болған жарықшақтардан ұшып шыққан ұшқындардан пайда болады. Әсіресе үйдің төбесінде түтін мұржалардағы жарықшалар өрттің пайда болуына қауіп тудырады. Осы қауіптердің болдырмау үшін жарықшаларды батпақпен немесе әкпен бітеу керек. Пештің есіктерін жөндеуге, пештің алдында 70 х 50 см өлшемді темір қаңылтыр қағу және басқа да бұзушылықтарды жоюға көп шығын кетпейді.

Сонымен қатар түтін мұржаларын ыстан уақытылы тазарту қажет. Пештің түтін құбырлары пайдалану кезінде әрбір екі ай сайын ыстан  тазартылу керек, қажет болған жағдайда қатты отынның сапасына байланысты айына бір рет  ыстан тазарту және өртке қарсы аралықтарды әр уақытта дұрыс ұстау қажет.

Улы газ деген не? Ол туралы міндетті түрде айта кету керек. Улы газ-көмірсулар тотығы  (СО), түссіз газ, иіссіз, табиғи, жарылатын және басқа газдардың ішіне кіреді. Ол құрамында көміртегі бар заттардың толық жанбауынан пайда болады. Көміртегі тотығы мен оттегінің қоспасы  2:1 пропорцияда болады – жаққан кезде жарылады. Көміртегі тотығы организмге тыныс алу органдары арқылы өзгеріссіз енеді. Көміртегі тотығының организмге түсуі карбоксигемоглобиннің пайда болуына әкеледі, ол оттегімен организмді байланыстырмайды, нәтижесінде организмде оттегі жетіспеушілігі және орталық жүйке жүйесінің жұмыс істемеуіне әкеліп соқырады.

Организмнің улы газбен улануының негізгі көріністері төмендегілер: 

құлақтағы шу, бас ауруы, уақытша тамырдың пульсациясы, бастың айналуы, тез тыныс алу, аяқтардың тез әлсіреуі. Содан кейін ұйқы басу, кей кезде естен тану жағдайы, ентігу артады, құсу болады, аяқ-қолдардың құрысуы, нәжіс пен зәрдің еріксіз кетуі байқалады. Көмек көрсетілмеген жағдайда ес-түссіз жағдай дамиды.  Улы газбен уланудың ауыр түрінде денедегі барлық тері түсі ашық қызыл түске айналады.

Зардап шегушіге бірінші көмек:  

зардап шегушіні (егер ол ес-түссіз жағдайда болса) тез арада таза ауаға шығару керек.  Ес-түссіз жағдайда ұзақ уақыт жасанды дем беру (есін жиған шейін) керек, содан кейін оттегімен дем алдыру мен карбогенмен дем алдыруды кезектеп жасау керек. Ауыр жағдайларда зардап шегушіні тез арада  емханаға жатқызу қажет.

Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы
23.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 28
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 50
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 23
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 29
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 24
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 53
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 50
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 258
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 255
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 877

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8952
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8346
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11572
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9330
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10556