Жағымды және жағымсыз хабар

Жағымды және жағымсыз хабар

Осы аптада ғылым және білім саласына қатысы бар екі жаңалыққа куә болдық. Оның бірі «100 мектеп, 100 аурухананың» жалғасындай болған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы болса, екіншісі көңілсіздеу сезілді. Яғни студенттердің жатақхана жетіспеушілігі мәселесі әлі де біраз уақытқа созылатын сияқты.

3 қазан күні Үкімет үйінде өткен кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру жөнінде тапсырма берді. Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының негізгі тәсілдерін мақұлдағанын, оның шеңберінде 800 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланғанын айтты.

– «Ұлттық жобаны іске асыруға жедел кірісуіміз керек. Алайда бүгінде өңірлердегі 143 мектептің жер учаскелерін анықтау бойынша сұрақтар шешілмеген. Бұл жұмысты барынша тездету қажет: қазан айының соңына дейін құрылысы 2023 жылы және жыл соңына дейін 2024 жылға жоспарланған мектептер бойынша мәселені шешу керек. Осыған байланысты оқулықтарды цифрлық форматқа көшіруді жеделдету және балаларды ауыр сөмкелерден арылту қажет. Сондай-ақ әкімдіктермен бірлесіп, оқушыларды планшеттермен қамтамасыз ету мәселесін шешуді қолға алу керек. Атап айтқанда, «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, оларды ауылдық мектептердің балалары үшін сатып алу мүмкіндігін пысықтау керек», – деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Кеңес соңында ол Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп, еліміздің барлық мектептерін сапалы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Жаңалықтың келесі бірі – қазіргі күнде «арық атқа қамшы ауыр» болып тұрған студенттер жатақханасы мәселесі. Өкінішке қарай, бұл да таяу арада шешілмейтін сияқты. Мұны 3 қазан күні Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылған сөздерден аңғардық. «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жеңілдетілген несиелерді жүзеге асыру туралы» баспасөз жиналысы өткен еді. Спикерлері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Жәлелұлы, «Отбасы Банкі» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова қатарлы азаматтар болды.

Конференция барысында Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы таныстырылды. Бауыржан Қабдолов мырза «толық емес отбасы» санаты не себептен «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылғаны туралы айтты.

– «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында отбасы институтын қолдау және сақтау мақсатында «Бақытты отбасы» жеңілдетілген бағдарламасына қатысушылардың санаттары қайта қаралды. Атап айтқанда, талдау нәтижесінде «толық емес отбасы» санаты алынып тасталды. Мониторинг көрсетіп отырғандай, «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «толық емес отбасы» санаты бойынша кезекте тұрғандар саны 72%-ға немесе 61,6 мың адамға артқан», – деді спикер.

Сұрақ-жауаптар кезінде журналистің «студенттердің жатақхана мәселесін шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы» сұрағына құзырлы мекеме өкілдері «Бұл туралы ойластырып жатырмыз» деп қысқа қайырды. Бұл өз кезегінде күн сайын қымбаттап бара жатқан пәтерақының қыспағында қиналып жатқан студенттер мәселесінің тағы біразға созылатындығын аңғартқандай болды.

Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша білім және ғылым саласына бөлінген гранттардың жалпы саны 5000-ға артқан еді. Осыған орай 2021-2022 оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 56 мыңнан астам грант бөлінді. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай еді. Осылайша көптеген түлектер ЖОО-лардың гранттарына ие болып, ата-аналарын қуанышқа бөлеген болатын. Ресми мекемелер таратқан ақпараттарға қарағанда «гранттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне және жұмыс берушілердің сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратына сәйкес бөлінген». Алайда бұл қуаныш ұзаққа барған жоқ. Мемлекет грантты көбейткенімен, жоғары оқу орындарында жатақхана тапшылығы шешілмеген екен. Сөйтіп, арман қуып ауылдан келген талай бала пәтер жалдауға мәжбүр болған еді. Оның соңы Ресейден келушілердің көбеюіне байланысты елдегі ірі қалалардағы пәтерақының жаппай қымбаттауына жалғасып кетті. Ал бұл келеңсіздіктің соңы болашақ мамандар мен кадрлардың біліктілігіне әсер ететіндігін билік қаперіне алса, қанеки...  

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 137
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 142
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 329
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 322
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 945

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9018
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8414
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11641
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9397
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10624