ЖАҒЫМПАЗДАР ЖАРЫСЫ

ЖАҒЫМПАЗДАР ЖАРЫСЫ

Ай, мырзатайлар-ай!

Не деген көп едіңдер?!

Ел мұңы десе, түгел жоқ едіңдер.

Мафиоздар билікке келе қалса,

Мақтау сөзге мәттақым, еп едіңдер.

Мұншалықты жағымпаз болатындай,

Кімдердің сарқытын жеп едіңдер?

Қазақта мұнша жағымпаз болмап еді,

Қай жақтан қаптай көшіп кеп едіңдер?!

Ай, мырзатайларым-ай,

Қай заманда болса да тоқ едіңдер.

Сонау 37-інің зұлматында,

Ерлеріме атылған оқ едіңдер.

Жақсыларыма жағылған боқ едіңдер.

Ай, мырзатайларым-ай!

Опасыз заманның орайын тапқандарым-ай,

Биліктің қолайына жаққандарым-ай.

Лайықсыз құзырлыға ләппайшыл боп,

Таңдарың «арайланып» атқандарым-ай!

Елдің жоғын жоқтаушы ерлеріме,

Қапысыз құрылған қақпандарым-ай!

Ай, мырзатайларым-ай!

Ары өлген ождансыздарым-ай!

Бұқара жұртсыз – ормансыздарым-ай.

Бұлармен қайтіп, қалай ел боламыз,

Қайран халқым, қорғансыздарым-ай?!

Тауық боп билік шашқан тарысына,

Түскен жұрт – жағымпаздық жарысына.

Шабуда әрбір есек өз әлінше,

Дес бермей артық туған арысына.

Түнеріп күнбатыстан түн келеді,

Сонда да сорлы жұртым үндемеді.

Жағымпаздар, сайрай түс, жағың түспей –

бәріңе жауап берер күн келеді.

Жә, не дерсің бұл жағымпаз ағаларға,

Расында бір күн туар сазаларға.

Мына бетпен жағымпаздар түбіне жетіп,

Бұлардан ұлтым бұрын жоғалар ма?

Жә, не дерсің, бұл жағымпаз інілерге,

Жағымпаз ұрпақ – ұлт ісіне мініле ме?

Кейінгі жас жаппай жағымпаз болып алып,

Жетім жұртым келешектен түңіле ме?

Ағадан жұғып, бұл кесел інімізге,

Айналуда күніміз – түнімізге.

Жағымпаздар армиясы атқа мінді,

Жетпек боп біржолата түбімізге!

Қайырын берсін!

Ерлан ТӨЛЕУТАЙ

 

26.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27811
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27307
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44662
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40368
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44984