Жалақыңыз 100 мың теңге болса, қанша зейнетақы аласыз?

Жалақыңыз 100 мың теңге болса, қанша зейнетақы аласыз?

Лайықты демалысқа шығайын деп жатырсыз, бірақ зейнетақыны қалай рәсімдеу керегін және зейнетақы төлемінің мөлшері қандай болатынын білмейсіз бе? Бұл сұрақтарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews-ке сілтеме жасап.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 2024 жылы әйелдер 61 жаста, ерлер 63 жаста зейнетке шығатынын айтты. Олар қазақстандықтардың зейнетақысы үш бөліктен тұратынын айтты:

Базалық зейнетақы – зейнет жасына жеткен барлық қазақстандықтарға түседі. Ол еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнет жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. 2024 жылы базалық зейнетақының минималды мөлшері 28 215 теңгені, максималды – 45 578 теңгені құрайды.

Ортақ зейнетақы – 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтарға төленеді. Оның мөлшері еңбек өтілі мен орташа айлық кірісіне байланысты. 2024 жылы минималды ортақ зейнетақы 57 853 теңгені құрайды.

Жинақтаушы зейнетақы – азаматтардың жеке зейнетақы жинақтарынан төленеді және ол олардың жинаған құралдарының көлеміне байланысты. Жинағы қаншалықты көп болса, зейнетақысы соншалықты көп болады.

Болашақ зейнетақыңыздың мөлшері шамамен қанша болатынын білгіңіз келсе, БЖЗҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторын қолдануға болады:

"Мысалы, қазір жасыңыз 59-да, еңбек өтіліңіз 1998 жылға дейін 5 жылды құрайды. Айына орташа 100 мың теңге жалақы аласыз және жинақтаушы жүйедегі өтіліңіз – 17 жыл. Шамамен жинағыңыздың сомасы – 4 800 000 теңге. Осы мәліметтерді зейнетақы калькуляторына енгізіп, "есептеу" батырмасын басамыз. Зейнетке шығатын 63 жасқа 2028 жылы толатыныңызды көреміз. Жиынтық зейнетақыңыздың мөлшері шамамен 86 316 теңгені құрайды".

Бұл жерде 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліңіз ескерілетінін ұмытпаңыз. Егер 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліңіз болмаса және жинақтаушы жүйеде өтіліңіз болмаса, бұл сома айтарлықтай азаяды. 

БЖЗҚ-да зейнеақы төлемдерін рәсімдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына барып, өтініш беру керегін айтты.

 

А. Жапатова Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/103249/?utm_source=smi24
18.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 199
Жамбыл облысында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды
Р.Ш.Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 09.12.2024 35
ЖОЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ИНЕРТТІ ЗАТТАР СЕБІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.12.2024 31
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 214
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 231
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 214
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 202
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 197
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 221
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 210
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 218

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10495
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9475
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12711
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11681
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16693